Todayinfo.kz
НовостиСмотреть все материалы

Түркияда 1100-ден астам адам ұсталды: Түркияда не болып жатыр?

Түркияда Стамбұл мэрі әрі оппозиция өкілі Экрем Имамоғлу қамауға алынғаннан кейін жаппай наразылық шерулері жалғасуда. Шерулер кезінде ұсталғандар саны 1133 адамға жетті, олардың арасында журналистер де бар. Бұл туралы Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап Todayinfo.kz хабарла

Автор Мейіржан Әуелханұлы··2 мин чтения
Түркияда 1100-ден астам адам ұсталды: Түркияда не болып жатыр?
Түркияда Стамбұл мэрі әрі оппозиция өкілі Экрем Имамоғлу қамауға алынғаннан кейін жаппай наразылық шерулері жалғасуда. Шерулер кезінде ұсталғандар саны 1133 адамға жетті, олардың арасында журналистер де бар. Бұл туралы Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап Todayinfo.kz хабарлайды. Түркия ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, наразылық шаралары 19 наурыздан бері тоқтамай тұр. Түркиядағы медиа және құқықтарды зерттеу қауымдастығының (MLSA) дерегіне сәйкес, ұсталғандар арасында онға жуық фотограф пен журналист бар. Disk-Basin-Is түрік медиа қызметкерлерінің кәсіподағы елдегі жаппай тұтқындауларды "баспасөз еркіндігіне және халықтың шынайы ақпарат алу құқығына жасалған шабуыл" деп айыптады. 24 наурыз күні кешкі уақытта Стамбул мен Анкара көшелеріне мыңдаған адам тағы да наразылық шерулеріне шықты. Олар үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен, деп хабарлайды dpa агенттігі. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған наразылықтарды сынға алып, оларды "зорлық-зомбылық әрекеті" деп атады. Ол наразылықтар үшін жауапкершілікті оппозициялық Халық-республикалық партиясына (НРП) жүктеді. Еске сала кетейік, Стамбул мэрі Экрем Имамоғлу қаржылық қылмыстарға қатысты айыпталып, қамауға алынған болатын. Алайда сот терроризмге қатысты айыптарды қабылдамады. Сонымен қатар, 23 наурыз күні Түркия ішкі істер министрлігі Имамоғлудың Стамбул мэрі қызметінен уақытша шеттетілгенін жариялады. Анкараның оппозициялық мэрі Мансұр Яваш Имамоғлу қамалған соң елде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді ұсынды.  

Похожие материалы

Түркияда 1100-ден астам адам ұсталды: Түркияда не болып жатыр? · Todayinfo