«Үш сарбаз жіппен байлап, азаптаған»: Қызметте жүріп қайтыс болған әскеридің отбасы жантүршігерлік дерек айтты
Жетісу облысындағы 74261 әскери бөлімінде көз жұмған капитан Дархан Нұрланұлы туыстары қызмет орнында қаза тапқан әскеридің өлімін қасақана жасалған іс деп отыр. Бұл туралы блогер Жан Ахмадиев видео жариялады. Қараша айының 13-і күні түнгі кезекшілікке кеткен Дархан

Жетісу облысындағы 74261 әскери бөлімінде көз жұмған капитан Дархан Нұрланұлы туыстары қызмет орнында қаза тапқан әскеридің өлімін қасақана жасалған іс деп отыр.
Бұл туралы блогер Жан Ахмадиев видео жариялады.
Қараша айының 13-і күні түнгі кезекшілікке кеткен Дархан шаңырағына табытпен оралған. Туыстарының айтуынша ол түнгі сағат 1-лер шамасында көз жұмған. Ал, қаралы хабарды әскерилер таңғы сағат 7 де бірақ айтқан. Марқұмды жуындырған ағасы оны көкала қойдай қылып ұрғанын, қолы мен аяғында жіптің іздері барын және бас сүйегі жарылғанын айтты. Алайда марқұмның іске қатысы барлар тек куәгер есебінде жүргенін айтты.
"Дархан балам рота бақылап жүргенде спорттық киім киген үш сарбаз қолдарында жібі бар ұйымдасып шабуылдаған. Менің баламның қол аяғын байлап, қолғабын аузына тығып ұрып-соғып, қылқындырып, ешкім көрмеген спорт алаңына тастап кеткен", - дейді марқұмның әкесі.
Алайда құқық қорғау органдарының ресми мәліметінде, Дархан Нұрланұлы оқу жаттығу кезінде қаза тапқан деп көрсетілген.
Кейін істі анықтай келе Дархан Қастеев деген әскери анықтай келген. Марқұмның ата-анасы соттан басты айыпталушы мен кезекшілікте болған әскерилерді жауапқа тартуды сұрайды.
Похожие материалы

Новости
Правозащитники или иностранное финансирование? Депутаты предлагают расширить прозрачность грантов
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Құқық қорғаушылар ма, әлде шетелдік қаржыландыру ма? Депутаттар гранттардың ашықтығын арттыруды ұсынды
Жаннұр Еділбаева·

Новости
Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасына нақты тапсырма берді
Айғаным Нариманова·

Новости
Тоқаев Ішкі істер министрінің есебін тыңдады
Айғаным Нариманова·