Todayinfo.kz
Новости

Жаңаөзендегі сұмдық: Ер адам әйелін жеті баласының көз алдында өлтірген

Жаңаөзенде 44 жастағы, жеті баланың анасы қаза тапты. Отбасылық жанжалдан кейін әйелін пышақтады деген күдікпен оның күйеуі ұсталды.

Автор Мухтар Жексенбаев (журналист)··1 мин чтения
Жаңаөзендегі сұмдық: Ер адам әйелін жеті баласының көз алдында өлтірген

Жаңаөзенде жеті баланың анасы өз балаларының көз алдында қаза тапты. 44 жастағы әйелді пышақтап өлтірді деген күдік оның күйеуіне түсіп отыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиғаға отбасылық жанжал себеп болған. Ерлі-зайыпты арасындағы кикілжің соңы қанды оқиғаға ұласқан.

"Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", – деп хабарлады Маңғыстау облысының Полиция департаменті.

Айта кетейік, аталған бап бойынша айыпты деп танылған азамат 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойына сотталуы мүмкін.

Фото: Әлеуметтік желіден

Похожие материалы