Close Menu
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
What's Hot

Шамадан тыс көп дәрі еккен: Наркоздағы сұлу әйелдерді зорлаған анестезиологтың арсыз әрекеті әшкере болды

22 Маусым, 2025

Денсаулығында ақауы бар: Семейде жоғалып кеткен 7 жастағы бала таңға жуық орманнан табылды

22 Маусым, 2025

«Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)

22 Маусым, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шамадан тыс көп дәрі еккен: Наркоздағы сұлу әйелдерді зорлаған анестезиологтың арсыз әрекеті әшкере болды
  • Денсаулығында ақауы бар: Семейде жоғалып кеткен 7 жастағы бала таңға жуық орманнан табылды
  • «Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)
  • Мектеп бітірген қыз әкесінің бейітіне барып, қызыл аттестатын көрсетті
  • «Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады
  • 5 адам қаза тапты: Алматы маңындағы сұмдық жол апатының видеосы тарады
  • «Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады
  • Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 22 Маусым
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Rus
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Home » Талдықорған қаласында қарттарға арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды

Талдықорған қаласында қарттарға арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды

30 января, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

2024 жылдың қаңтар айынан Талдықорған қаласында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жұмысын бастады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. 

Орталықтың негізгі мақсаты – зейнет жасындағы адамдарды әлеуметтендіру, оларды белсенді мәдени-шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге тарту, олардың физикалық және психологиялық саулығына ықпал ету арқылы өмір сүру ұзақтығын арттыру.

Мұндай орталық қалада бұрын да болған, бірақ оның жұмысын жүргізіп, дамыту үшін қоғамдық ұйымдар арасында конкурс ойнатылатын. Енді орталық коммуналдық мемлекеттік мекеме форматында қайта ашылып отыр, қазір оның қуаты 2 есеге артып, 220 орынға лайықталған.

Орталық келушілердің сұранысы мен қызығушылығына қарай 12 қызмет түрін тегін көрсетіп, 38 қызметкерді жұмыспен қамтып отыр. Қаржылық және компьютерлік сауаттылық, ағылшын тілі, қазақ тілі, тоқу және тігін курстарын ұйымдастырдық, спорт залы бар, йога, вокал, шахмат-дойбы, үстел теннисі бойынша сабақтар өтеді. Қазір орталыққа ыңғайлы уақытта 210-нан астам адам келеді. Қазір бассейнге бару мәселесі шешілуде. Алдағы уақытта ашық аспан астында іс-шаралар, саяхаттар өткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін 16 орындық автобус сатып алынды.

Атап өтсек, орталықты дамытуға 2024 жылға 300 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі күні орталық 16 орынды шағын автобус, тренажерлар, гантельдер, жүгіру жолы, жаттығуға арналған құралдар, қабырға тіректері, гимнастикалық доптар, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ ойнауға арналған құрал-жабдықтар, тігін машиналары, тоқыма жиынтықтары, массаж креслолары, жылжымалы проекторларға арналған экрандар, стерео жүйе, проекторлар, маркер тақталары және т.б. қажеттіліктер сатып алынған. Ғимараттың жалпы ауданы — 1349,8 м2.

Бірінші қабатта оқу сабақтарын өткізуге арналған орындар, медбике бұрышы, массаждық орындық, ал екінші қабатта спорт залы, вокалдық жаттығу бөлмесі, шахмат, дойбы, теннис ойнауға арналған үстелдер, тігін бұрышы және т.б. бар. Барлық қызметтер тегін көрсетілетін орталыққа Талдықорғанның зейнетке шыққан кез келген тұрғыны келе алады. Келушілер жеке басын куәландыратын құжат пен зейнеткер куәлігін көрсетуі керек.

«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 259 үй мекенжайында орналасқан.

Todayinfo.kz

Оқылып жатыр

«Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)

Мектеп бітірген қыз әкесінің бейітіне барып, қызыл аттестатын көрсетті

5 адам қаза тапты: Алматы маңындағы сұмдық жол апатының видеосы тарады

«Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады

22 адам отырған әуе шары аспанда жанып кетті

Қайрат Боранбаевтың ағасы түрмеге отырмайтын болды

Соңғы жазбалар

Шамадан тыс көп дәрі еккен: Наркоздағы сұлу әйелдерді зорлаған анестезиологтың арсыз әрекеті әшкере болды

22 Маусым, 2025

Денсаулығында ақауы бар: Семейде жоғалып кеткен 7 жастағы бала таңға жуық орманнан табылды

22 Маусым, 2025

«Таңертең мас күйде, отырдым таксиге..»: Ұлықпан Жолдасов талғамы төмен Садраддинге шүйлікті (ВИДЕО)

22 Маусым, 2025

Мектеп бітірген қыз әкесінің бейітіне барып, қызыл аттестатын көрсетті

22 Маусым, 2025

«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова өзін кіналаған оқырман хатын жариялады

22 Маусым, 2025

5 адам қаза тапты: Алматы маңындағы сұмдық жол апатының видеосы тарады

22 Маусым, 2025

«Иран бейбіт келісімге келуі керек»: Трамп шабуылдан кейін үндеу жасады

22 Маусым, 2025

Дональд Трамп мақтана әскерлерін құттықтады: АҚШ-тың жойғыш ұшақтары Иранның 3 қаласын бомбалады

22 Маусым, 2025

«Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті

21 Маусым, 2025

22 адам отырған әуе шары аспанда жанып кетті

21 Маусым, 2025
Advertisement
Demo
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.