Түрмеге телефон өткізгісі келген адам ұсталды
Тараздағы колонияның қоршауынан 8 ұялы телефонды өткізіп жібергісі келген ер адам ұсталды. Ол бұрын сотты болған, деп хабарлайды Todayinfo. 26 ақпан 2025 жылы сағат 20:40-та Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерімен бірлескен Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы б

Тараздағы колонияның қоршауынан 8 ұялы телефонды өткізіп жібергісі келген ер адам ұсталды. Ол бұрын сотты болған, деп хабарлайды Todayinfo.
26 ақпан 2025 жылы сағат 20:40-та Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерімен бірлескен Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы бұрын сотталған азаматты ұстады. Ол екі түйіншекті өткізуге әрекет жасаған.
Тексеру кезінде түйіншектердің ішінде 8 ұялы телефон болғаны анықталды. Барлық тыйым салынған заттар тәркіленді. Ұсталған азамат тергеу-жедел тобына тапсырылды.
Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын жабу бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Казахстан занял 81-е место в Глобальном инновационном индексе WIPO
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстан WIPO-ның жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады
Айғаным Нариманова·

Жаңалықтар
Түркістанда бір үйдің екі баласы өзенге ағып кетті
Айғаным Нариманова·