Todayinfo.kz
ОқиғаларБарлық жазбаларды қарау

Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйіндінің астында қалды

Фото: depositphotos.com 2025 жылғы 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға қарасты «Жомарт» кенішінде шахтада тау массасы опырылды, деп хабарлайды   Тodayinfo  ақпараттық порталы. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйіндінің астында қалды
Фото: depositphotos.com 2025 жылғы 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ға қарасты «Жомарт» кенішінде шахтада тау массасы опырылды, деп хабарлайды  Тodayinfo  ақпараттық порталы. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты жедел ақпарат таратты. Ақпарат бойынша құлаған аймақта шахтаның 7 қызметкері қалып қойды. Қазіргі уақытта «АСС Сериктес» ЖШС құтқару бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Оқиға орнына Ұлытау және Қарағанды облыстарының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) қызметкерлері, кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен Қазақстан ТЖМ психологтары жіберілді», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығы мен Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар құрылып, жұмыс істеп жатыр. ТЖМ тарапынан «жедел желі» іске қосылды: 8 (7271) 55-96-21. Апаттың мән-жайы анықталуда.

Ұқсас материалдар

Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам үйіндінің астында қалды · Todayinfo