Фото: cnn.com (Вашингтондағы Рейган әуежайындағы Төтенше жағдайлар қызметінің жұмысы)
29 қаңтарда кешке Вашингтонда жолаушылар ұшағы әскери тікұшақпен соқтығысқан. Әуе кемесінің бортында кемінде 64 адам болған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Оқиғаның мән-жайы
— АҚШ федералды авиация басқармасы жергілікті уақыт бойынша 21:00-де (30 Қаңтарда Астана уақытымен 07:00) Bombardier crj700 жолаушылар ұшағы мен Black Hawk әскери тікұшағы ауада соқтығысқанын хабарлады.
— Лайнер Уичито (Канзас штаты) Рональд Рейган Ұлттық әуежайына рейс жасаған, деп хабарлады American Airlines.
— CNN телеарнасының хабарлауынша, АҚШ Құрлық әскерлеріне тиесілі Black Hawk тікұшағы ұшу жаттығуын орындаған.
— The New York Post газеті соқтығысу нәтижесінде жолаушылар ұшағы екі бөлікке бөлініп, содан кейін Потомак өзеніне құлап, шамамен екі метр тереңдікке батып кеткенін хабарлады.
Құрбандар мен зардап шеккендер
— Апат кезінде Bombardier CRJ700 бортында 60 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған, деп хабарлады авиакомпания.
— Reuters агенттігі Пентагондағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, тікұшақта кемінде үш әскери қызметші болғанын нақтылады.
— BNO News хабарлауынша, құтқарушылар Потомак өзенінен қаза тапқандардың кем дегенде 19 денесін алып шыққан.
Лауазымды тұлғалар
— АҚШ президенті Дональд Трамп апатты қайғылы жағдай деп, оны алдын алу керек еді, деген.
— Пентагон басшысы Пит Хегсет Қорғаныс министрлігі дереу оқиғаны тергеуді бастағанын және қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
— Ұлттық қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм іздеу-құтқару жұмыстарына АҚШ Жағалау күзеті тартылғанын хабарлады.
— NBC News-тің хабарлауынша, Федералды тергеу бюросы қылмыстық әрекет немесе террористік із белгілерінің жоқтығын мәлімдеген.
Болған апатқа қатысты алғашқы ақпаратқа сілтеме.