Жамбыл облысында аурухана басшылары 760 миллион теңгеге жуық қаражатты ұрлаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының қалалық көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ МКК лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.
Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов арнайы брифинг барысында мәлімдеді.
«Залал сомасы 758 млн теңгеден асады. Соттың санкциясымен күдіктілер, аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», — деп атап өтті Антикор өкілі.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
фото: ашық дереккөзден
Todayinfo.kz