Әнші Мақпал Жүнісованың той үстінде қызына жасаған ескертуін көпшілік жарыса талқылап жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.
Желідегі видеода әнші ән айтып жүріп, би билеп жүрген қызына көйлегінің кеуде тұсын жабуды ымдап көрсеткенін байқауға болады.
Желі қолданушылары Мерейдің анасының ишарасын лезде түсініп, айтқанын орындай кеткеніне риза болып жатыр.
«Қызыңыз қандай тәрбиелі, көз-қиығыңыздан ақ түсініп, кеудесін түймелеп жатыр», «Айтқызбай-ақ түсінген ақылынан», «Мақпалдың қызы да өзі сияқты сондай сүйкімді, сондай инабатты бойжеткен болып өсіпті», «Мақпал апай керемет жансыз, қызыңыз да инабатты әдепті қыз», — деп жазды желі қолданушылары.
Фото: ашық дереккөз