Атақты драматург, жазушы Дулат Исабеков ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.
Ақпарат көздері 82 жасқа келген жазушының денсаулығы сыр беріп, төсек тартып қалған деп хабарлады.
Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туған.
Ол әр жылдары «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі , Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы, Қазақ теледидарының бас директоры, «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып қызметтер атқарды.
Фото: Malim.kz