Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Жиырма жастағы бойжеткен Қытайдан Қазақстанға велосипедпен сапарға шықты

Бүрлен есімді 20 жастағы бойжеткен Қытайдың Үрімжі қаласынан Астана қаласына велосипедпен жолға шықты, деп хабарлайды Todayinfo Azattyq Rýhy - на сілтеме жасап. Бүрлен Қытайдағы Дөрбілжің қаласының тумасы. Ол қытай-қазақ арасындағы ынтымақтастықты қолдау мақсатында сапарға шыққан

Авторы Жаннұр Еділбаева··1 мин оқу
Жиырма жастағы бойжеткен Қытайдан Қазақстанға велосипедпен сапарға шықты
Бүрлен есімді 20 жастағы бойжеткен Қытайдың Үрімжі қаласынан Астана қаласына велосипедпен жолға шықты, деп хабарлайды Todayinfo Azattyq Rýhy- на сілтеме жасап. Бүрлен Қытайдағы Дөрбілжің қаласының тумасы. Ол қытай-қазақ арасындағы ынтымақтастықты қолдау мақсатында сапарға шыққан. Бойжеткен кеше Жаркент қаласына жеткен, енді Алматы жаққа жолға шығып барады.
«Дәл қазір мен Қорғастамын, негізгі мақсатым – Астанаға жету. Жолдың жалпы ұзындығы 2000 шақырымнан асады», - дейді ол.
Оның жолға шыққанына бүгін сегіз күн болған.
«Менің бұл жолғы сапарымның мәні –  «Бір белдеу, бір жол» бастамасын Қазақстанға өз тарапымнан насихаттау. Қазақстан бастаманы қолдаған алғашқы мемлекет. Соңғы жылдары екі ел арасындағы ынтымақтастық тереңдей түсуде. Сауда-саттық алмасулар жаңа жылдамдықпен қарқын алды. Екі ел арасындағы достық мәңгілік болсын деп тілеймін!», - деді қазақ қызы.
Ол тамыздың 15-іне дейін Астанаға жетуді жоспарлап отыр.

Ұқсас материалдар