Әлеуметтік желіде есек арбаны тоқтатып, иесіне айыппұл жазып жатқандай полиция қызметкерінің видеосы тарады, деп жазады Todayinfo.
«Неше түрлі сұмдық көрдім, бірақ мынадай сұмдық көрмедім. Мынаны қара, есекке «штраф» жазып беріп жатыр. Қатты жүріп қойған ғой әлде бір жерге дұрыс «парковать» етпеген бе екен?»,-дейді видеоны түсіріп тұрған адам.
Видеоның қай қалада түсірілгені белгісіз. Видеода жол бойында, жаяу жүргіншілер өткелінің жанында арбаға жегілген екі есек тұр, қасында әйел адам мен полиция қызметкері және полиция көлігі.
https://www.instagram.com/reel/DFb5Ny3I8MW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==