Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • «КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді
  • «Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

24 рет пышақтаған: Ақтөбеде дәрігерді зорлап өлтірген қарақшы 22 жылға сотталды

11 Қазан, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақтөбеде өз пәтерінде дәрігер Мөлдір Томарованы пышақтап өлтіріп, ұстау кезінде полицияны жарақаттаған ер адамға үкім шықты. Марқұмның ата-анасы да, сотталушы да сот үкіміне апелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында эндокринолог-дәрігер Мөлдір Томарованың өліміне қатысты іс жабық қаралды. Оның себебін қылмыстық істе “Зорлау” бабының болуымен түсіндірді. БАҚ өкілдерін сот залына тек үкім оқылғанда кіргізді.

Дәрігерді өлтірген танысы 22 жылға бас бостандығынан айрылды. Оған жәбірленуші тарапқа 20 млн тг моральдық шығын төлеуді міндеттеді. Сонымен қатар, 1 млн 230 мың теңге жаназасы мен садақасына жұмсалған материалдық шығын және адвокат төленген қаржыны толық өтеу туралы сот үкімі шықты.

Сотталушыға төрт бірдей ауыр баппен айып тағылды. Қылмыстық кодекстің 149-бабының 2 тармағы (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу), 120-бап 2-тармақ 2-бөлік (Зорлау), 99-бап 2-тармақ (Адам өлтіру) және 380-бап 1-тармақ (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша қаралған сот талқылауының үкімі оқылды. Сотталушының марқұм болған дәрігермен алты жылдан аса уақыт таныстығы бары айтылды.

“Сот Ерғалиевтің кінәсі толық дәлелденді деп есептейді. Қылмысты жасыру үшін Тормарованы қасақана өлтірген. Күш қолданып, зорлаған. Тұрғын жайға түнде басып кірген. Оқиға орнынан балкон арқылы қашып шығып, полиция қызметкерін жарақаттап қашып кеткен. Сотта толығымен дәлелін тапты. Ол пәтерге кіргенін, пышақтап өлтіргенін мойындап отыр. 2017 жылдан бастап таныстықтары басталған. Соңғы кездері Томарова қашқақтай бастаған, сыйлықтарын қайтарып берген. Полицияға арыз жазып, әкімшілік жазаға тартылған. Түнгі 4-те басталған. Арнайы саты апарған, өз көлігімен емес, басқа көлік жалдаған. Ішке кіріп, зорлап, соны жасыру үшін өлтірген”, – деді судья.

Сотқа Қызылорда облысынан марқұмның ата-анасы да келген. Үкім оқылғанда көз жастарын тыя алмады.

“Үкімге көңілім толмай тұр. Біз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрадық. Ол қызымды 24 жерден пышақтаған. Пышақ жауырынынан шыққан. Аса ауыр қылмыс жасады. Бізге оңай болған жоқ, жазғыз қызымыздан айырылдық. Қызымды айуандықпен өлтірген. Соғыста да мұндай жағдай болмаған шығар. Ақтөбеде 10 жыл оқыды, грантқа түсті, өз білімімен жұмысқа тұрды. Ұжымда беделі бар еді. Қайтейін”, – деді марқұмның әкесі Қалдыбай Тұмаров.

Фото: Stan.kz

Марқұмның әкесі үшінші топ мүгедегі, анасы медицина саласының қызметкері. Анасы сот алдында жылап қалды.

“Мынадай жағдай бәрімізге де қатты соққы болып тиді. Ойламаған нәрсе. Өте тәрбиелі бала болатын. Біреудің ала жібін аттайтындай, біреуге қарсы сөйлейтіндей қыз емес. Адам құмырсқаны басқанда да ойланады. Өзі жақсы көрген адамды осыншама қорлау, осыншама зорлау — қатыгездік. Анасына қиын тиді. Жылап-жылап көз жасынан беті жара болып кетті алғашында. Отбасы әлі күйзелісте. Анасы жалғыз жүре алмайтын жағдайға түсті”, – деді марқұмның нағашысы Нағима Айтбайқызы.

Сотталушы тарап та сот үкімімен келіспейді. Арелляциялық шағым түсіретіндерін айтты.

Жантүршігерлік қылмыс биыл 22 сәуірде Ақтөбе қаласы Маресьев көшесіндегі бюджеттік ұйым қызметкерлері тұратын бес қабатты үйде болды. Ақтөбе медицина орталығының эндокринолог-дәрігері Мөлдір Томарова қайғылы оқиға болардың алдында еңбек демалысына шыққан. 34 жастағы танысы таңға жуық уақытта 2-қабатта тұратын дәрігердің балконнан кіріп, аяусыз пышақтап кеткен.

 

адамға азаптап Ақтөбеде дәрігерді ер Сот шықты үкімі өлтірген

Оқылып жатыр

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Соңғы жазбалар

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025

«Жетім қыз»: Алматы облысында бірнеше адам 7-сынып оқушысын зорлаған (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

«Қорқақ баланың тірлігі»: Димаш қазақ тілін менсінбеген Байділдиновті сынап тастады 

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.