Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«8,1 млрд теңге шығын келтірген»: Ләззат Танысбай «Евразия» бірінші арнасындағы былықты аша ма, әлде…

21 Тамыз, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан медиакеңістігінде жаңа тағайындау қоғамда үлкен пікірталас тудырды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бұрынғы төрайымы Ләззат Танысбай жуырда «Евразия Бірінші арнасының» бас директоры болып келді. Бұл қадам – Дариға Назарбаева мен Сергей Кисилевтің атына қатысты миллиардтаған қаржылық даудың қайта көтерілуіне түрткі болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Ораз Әлімбек жазған, деп хабарлайды todayinfo.kz

«Әлде Қазақстан бюджетіне келтірілген зиянның — 8,1 млрд теңгенің «ізін» жасыру үшін «Евразияға» бас директор болып барды ма?

Ресейдің ОРТ телеарнасының негізінде құрылған «Евразия Бірінші арнасына» Сергей Кисилев 16 жыл (2007-2010, 2012-2024) бас директор болғанын білеміз. Ол «басынан бақайшығына шейін» Дариға Назарбаеваның «адамы».

Есеп комитетінің мәліметінше, 2008 жылы «Алаң» атты ЖШС Әлиев-Назарбаева иелігіндегі «НұрБанктен» 9,5 млрд теңгені (50,8 млн фунт стерлинг) жылдық аз пайызбен (10%) несиелеп алады да, ол ақшаны түгел Лондонда тіркелген, Д.Назарбаева қатысы бар Borellis Investment Corp компаниясының есепшотына «лақтырып» жіберді. Бір жылдан кейін «Алаң», «Нұрбанк» және «Евразия» өзара келісім жасайды: «Алаң» алып кеткен ақшаны пайызымен қоса «НұрБанкке» қайтару жөнінде «Евразия» міндеттеме алады. Ал 10 күннен кейін «Евразия» «Бірінші Президент қорына», одан әрі 80 пайыздық үлесін «Қазақстан» ТРК АҚ-на беріп, соның еншілес компаниясына айналады, бюджеттен орасан көп қаржы ала бастайды. «Өтірік айтқан жеріңде көп тұрма» дегендей осы аралықта (2010-2012) С.Кисилев «Евразияның бас директорлығынан уақытша «демалады» ғой.», деді Ораз Әлімбек.

Кейбір деректерде Кисилевтің өзі де бұл схемадан құр қол қалмағаны айтылады. Ол Алматының тау бөктеріндегі Бағанашылда 30 метрлік шіркеу салуға бастамашы болып, қаржыландыруға қатысқан. 2020 жылы аяқталған бұл жоба үшін оған Ресей патриархы Кирилл алғыс білдіріп, марапаттаған.

«Дариға Назарбаева ұлы Нұрәлі Әлиевтің иелігінде қалған «НұрБанкті» «тақырға отырғызып» кететін ақымақ адам емес. Әлгі шетел валютасымен алынаған несие, яғни 9,5 мдрд теңге, үстеме пайызы бар, теңгенің құнсыздануы бар, өсіп-өсіп 2014 жылы 15,8 млрд теңгеге жетеді. Мемлекеттік телеарна атанып, «Қазақстанның» еншілес компаниясы болып алған «Евразияның» бас директоры С.Киселев бюджеттен ақша алып, оны «НұрБанкке» құйып отырады. Әрине, бұл  «Қазақстан» ТРК АҚ басшылығында Ерлан Қарин болғанда да, Ләззат Танысбай болғанда да жалғасты. Олар қарамағындағы еншілес телеарнада қандай былық болып жатқанын жақсы білсе де, бірінші басшы ретінде саусағының ұшын да қимылдатқан жоқ.

Қаңтар оқиғасынан кейін, 2022 жылдың жазында «Жаңа Қазақстан» Назарбаевтар әулетін қысып, ұрланған-жырымдалған бюджет қаржысын қайтармақ болды. Есеп комитеті 2021 жылды қоса алғанда «Евразияның» Қазақстан бюджетіне 8,1 мрд теңге зиян келтіргенін анықтап, қылмыстық іс жүргізуді қаржы полициясына жүктеген. Басқасын айтпағанның өзінде осы шығын үшін Дариға Назарбаеваны Сергей Кисилевке қосып түрмеге тоғытуға болар еді. Олай болмады – аяқасты бұл іс жабылып қалды. Неге?», деп жазды ол.

Осы тұста басты сұрақ туындайды: Ләззат Танысбай «Евразиядағы» қаржы былығын ашу үшін келді ме, әлде керісінше – оның ізін жасыру үшін бе? Егер ол шын мәнінде кәсіби медиа-менеджер болса, онда бюджетке келген шығынды қалпына келтіру үшін бастама көтеруге толық құқығы бар. Ал егер үндемей қалса, онда қоғамда «ол Дариға Назарбаева мен Сергей Кисилевтің ізін жасыру үшін отыр» деген күмән сейілмейді.

«Евразия Бірінші арнасындағы» миллиардтаған қаржыға қатысты дау – Қазақстан медиасаласындағы ең ірі жемқорлық схемаларының бірі. Бұл істің қайта қозғалуы да, мүлдем жабылып қалуы да биліктің саяси еркіне байланысты. Ал Ләззат Танысбайдың жаңа рөлі осы мәселеде шешуші фактор болуы мүмкін.

Фото: Facebook.com/Ораз Әлімбек

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.