Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ермек Мыржықбаев Түркістанда: Инвестициялық қадамдар мен жылу инфрақұрылымы бақылауда 

26 Мамыр, 2025 Түркістан қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықбаев Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келді, — деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Сапардың басты мақсаты — өңірдегі инфрақұрылымдық жобалар мен инвестициялық алаңдардың жай-күйін бағамдау және алдағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысу болды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Қала жылуға дайын: жүйелі жұмыс — тұрақты нәтиже

Сапар аясында кеңесші ең алдымен Түркістан қаласындағы «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысын барып көрді. 2009 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын бүгінде қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етуде жетекші рөл атқарып отыр.

Қазіргі таңда мекеменің қарамағында 18 қазандық бөлімше бар. Онда жалпы саны 77 қазан іске қосылған. Жылу желілерінің ұзындығы 56,243 шақырымды құрайды. Бұл инфрақұрылым 223 көпқабатты тұрғын үйге, 18 бюджеттік мекемеге, 55 кәсіпкерлік нысанға және 36 жеке үйге жылу жеткізеді.

Кәсіпорын қыс мезгілінде толық қуатта жұмыс істеу үшін 116 штаттық бірлікпен қамтылған болса, жаз айларында жүйені қолдау үшін 32 қызметкер жұмыс істейді. Барлық қазандықтар табиғи газбен жұмыс істейді, ал газ жеткізу «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен жасалған келісім негізінде жүзеге асырылады. Маусымаралық кезеңде барлық жүйеде қысымдау және шаю жұмыстары жоспарға сай орындалған.

Ермек Боранбайұлы кәсіпорын жұмысына оң бағасын беріп, жылу инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуі тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін аса маңызды екенін атап өтті.

«TURAN» арнайы экономикалық аймағы — инвестициялық серпін көзі

Кеңесшінің жұмыс сапарының маңызды бөлігі Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағына арналды. Бұл аймақ — өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа өндіріс орындарын ашуға арналған стратегиялық алаң.

Ермек Маржықбаев мұнда жүргізіліп жатқан инфрақұрылым құрылыстарымен, дайын индустриалды аймақтармен және іске асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысты. Аймақта инвесторларға ұсынылатын салықтық және кедендік жеңілдіктер, дайын жер телімдері мен инженерлік инфрақұрылым туралы толық ақпарат берілді.

Кеңесші өз сөзінде Түркістанның географиялық орналасуы мен логистикалық мүмкіндіктері аймақтың инвестициялық әлеуетін арттыратынын атап өтті. «Мұнда бизнесті дамытуға қолайлы жағдайлар жасалған. Ең бастысы — инфрақұрылым мен әкімшілік қолдау. Бұл бағытта жұмыс жүйелі жалғасуы керек», — деді Ермек Боранбайұлы.

Сапар қорытындысы: жүйелі қолдау — тұрақты даму

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Түркістан қаласындағы жылу жүйесінің қазіргі ахуалы мен инвестициялық жобалардың даму қарқынына оң баға берді. Ол өңірдегі инфрақұрылымдық дамуға, кәсіпкерлік пен инвестициялық ахуалға Үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.

Түркістан — тарихи әрі болашағы зор өңір. Бұл қалада жүзеге асырылып жатқан жобалар тек облыс үшін ғана емес, ел экономикасының дамуы үшін де маңызды. Ермек Маржықбаевтың сапары соның айғағы.

ермек мыржықбаев Түркістан түркістан қаласы әкімдік

Оқылып жатыр

Түркістанда көшені ластаған 8 мың адам жауапкершілікке тартылды

Түркістан қаласында World Cleanup Day аясында сенбілік шарасы өтті

Түркістанда жаңа ойын және спорт алаңшалары пайдалануға берілді

«5500 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады»: Әзімбек Пазылбекұлы білім күні жағымды жаңалықпен бөлісті

Түркістанда дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында 500-ден астам бала қолдауға ие болды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.