Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жаңа саябақ пен мектеп: Қызылордада балалар болашағына бағытталған жобалар іске асты

1 Маусым, 2025 Қызылорда облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды. Іссапар аясында ол өңір халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік және мәдени нысандардың ашылуына қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Сапар барысында Қызылорда қаласындағы жаңартылған Қалалық мәдениет және демалыс саябағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ғылым және мәдениет қайраткерлері, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты рәсімде Ермек Көшербаев бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, саябақтың ашылуының дәл балалар күнімен тұспа-тұс келуі – Үкіметтің өскелең ұрпақтың құқықтарын қорғау және олар үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған саясатының айқын көрінісі екенін айтты.

«Балалар – еліміздің басты байлығы және стратегиялық ресурсы. Салынып жатқан мектептер, саябақтар, спорттық және мәдени нысандардың барлығы жас буынның қауіпсіз, дені сау және үйлесімді ортада өсуіне бағытталған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде «Таза Қазақстан» бастамасы жүзеге асырылуда. Бұл – жай ғана экологиялық акция емес, бұл – азаматтардың өмір сапасын жаңа деңгейге көтеретін жүйелі өзгеріс. Қаланың сәулетті келбетін жаңартқан жаңа саябақ соның нақты дәлелі», — деді Ермек Көшербаев.

Сондай-ақ, сапар аясында еліміздің 17 өңірінен келген оқушыларға арналған физика-математика бағытындағы жаңа лицей-интернаттың ашылуы өтті. Бұл заманауи білім ордасы – талантты жастардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды орталық болмақ.

«Сапалы білім – табыстың кепілі әрі экономикалық өсудің басты негізі. Біздің мақсатымыз – жан-жақты дамыған, ғылым мен технологияны ілгерілететін жас буынды тәрбиелеу. Қызылорда өңірінде жастардың қабілетін ашуға барлық жағдай жасалып жатыр. Жаңа лицей – соның жарқын мысалы», — деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары.

Аталған әлеуметтік нысандар еліміз үшін тарихи мәні зор — «Қазақ» атауының қайтарылуы мен Қызылорданың Алаш астанасы атануының 100 жылдығына арналған мерекелік шаралардың бір бөлігі ретінде ашылды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ермек Көшербаев Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына оң баға беріп, өңірдің мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша тұрақты және нәтижелі өсім көрсетіп отырғанын атап өтті.

Үкімет халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударып келеді. Білім беру, демалыс және жеке даму бағыттарында жүзеге асырылып жатқан жобалар – қоғамда белсенді, сауатты әрі дені сау ұрпақты қалыптастыруға негіз болады. Мемлекеттік органдар, бизнес және жергілікті қауымдастықтардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Қызылорда облысы жоғары қарқынмен дамып келеді. Мұндай бастамалар еліміздің орнықты дамуы мен жарқын болашағының берік іргетасы болмақ.

Оқылып жатыр

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

Президент саябағындағы нысандар құрылысы қарқынды

ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

Қазақстанда интернет-алаяқтық өршіп тұр: олармен күресудің жаңа тетіктері енгізіліп жатыр

«Таза қазақстан» экологиялық жобасы: Аралда ескі үйлерге де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.