Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

БАӘ мен Стамбулда мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Жолақысын 500 теңге қылуды сұраған Олжас Байділдинов туралы не белгілі

16 Қазан, 2025

Сотталған шенеуніктің ұлы Президент әкімшілігінде басшылық қызметке тағайындалды

16 Қазан, 2025

Тоқаев Бектеновке елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөнінде тапсырма берді

16 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • БАӘ мен Стамбулда мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Жолақысын 500 теңге қылуды сұраған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
  • Сотталған шенеуніктің ұлы Президент әкімшілігінде басшылық қызметке тағайындалды
  • Тоқаев Бектеновке елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөнінде тапсырма берді
  • 9 градус суық, үсік жүреді: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Бизнесі – билікте, билігі – бизнесте ме?» Мәжіліс депутатына қатысты тексеру не нәрсенің бетін ашуы мүмкін

29 Маусым, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстандағы шенеуніктер мен депутаттардың бизнеске қатысы туралы мәліметтер қоғам назарын жиі өзіне аударады. Бұл жолы сын садағына іліккен – «Аманат» партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов. Әлеуметтік желілер мен бірқатар БАҚ-та тараған ақпараттарға сүйенсек, депутатқа қатысы бар «БатысАльянсСтрой» ЖШС компаниясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің назарына іліккен. Бұл туралы Todayinfo порталы жазды.

140 келісімшарт па, 43 па? Санмен ойнау кімге тиімді?

Мемлекеттік сатып алу сайттарында жарияланған деректерге сүйенсек, «БатысАльянсСтрой» ЖШС 2016 жылдан бері 140-қа жуық мемлекеттік келісімшартқа отырған. Алайда депутат Жұбанов бұл деректі жоққа шығарып, бар болғаны 43 жоба іске асқанын мәлімдеді. Мұндай айырмашылық – жай қателік пе, әлде статистикалық айла ма?

Мемлекеттік қаржыны игеретін кез келген компанияның артында саяси ықпал иесінің тұруы – жұртты елеңдететін мәселе. Ал бұл жағдайда компанияның бұрынғы басшысы Қайрат Нұртаевтың қазіргі таңда Атырау облысы әкімінің орынбасары болуы – бизнес пен мемлекеттік қызмет арасындағы “есіктің айналмалы” принципі бойынша сұрақ тудырады.

Мүдделер қақтығысы зерттеліп жатыр

Ресми мәліметке сай, бұл жағдай ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 181-бабы бойынша тіркеліп, Мемлекеттік ішкі аудит департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, депутаттың туыстарының мүлкіне қатысты да әлеуметтік желілерде қызу талқылау жүріп жатыр.

Бұл тексеру тек «профилактикалық шара» ма, әлде тереңге тамыр тартқан жүйелік мәселенің белгісі ме – әзірге белгісіз. Алайда кезекті «тексеріс» тағы да “бәрі заң аясында” деген жауаппен жабылып қала ма деген күдік те бар.

Саяси көзқарас па, әлде “шабуыл” ма?

Әділ Жұбанов бұл тексерулерді өзінің парламенттегі белсенділігімен және мемлекеттік органдарды сынауымен байланыстырады. Шындыққа жанасуы мүмкін. Бірақ бұл – Қазақстан саясатындағы таныс сценарий: белсенді сөйледің – тексеріс басталды. Десе де, депутаттың бизнесін сенімгерлік басқаруға бергені, компаниясының «Самұрық-Қазына» жобаларына қатыспағаны және квазимемлекеттік сектордан оқшау екені туралы мәлімдемелері нақты құжаттармен дәлелденбейінше, бұл тек сөз күйінде қала береді.

Түйін: қоғам не талап етеді?

Мәселе бір ғана депутаттың жеке іскерлігі емес. Бұл — мемлекет қаржысының кімнің қолында және қандай жолмен игеріліп жатқанын айқындайтын үлгілік жағдай.
Егер бұл тексеріс ашық әрі әділ жүргізілсе, қоғам тарапынан туындаған сенімсіздік сейілуі мүмкін. Ал кезекті науқаншыл «шабуыл» түрінде аяқталса – бизнес пен билік арасына нақты шекара қоя алмаудың тағы бір мысалы болып қалмақ.


Редакция ескертпесі:
Мақалада айтылған фактілер ресми ақпарат көздері мен ашық дереккөздерге сүйеніп жазылды. Депутат Әділ Жұбанов тарапынан қосымша түсініктеме берілсе, материал жаңартылатын болады.

Әділ Жұбанов

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Тағы бір елдің президенті жастар көтерілісінен кейін елден қашып кетті

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Соңғы жазбалар

БАӘ мен Стамбулда мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Жолақысын 500 теңге қылуды сұраған Олжас Байділдинов туралы не белгілі

16 Қазан, 2025

Сотталған шенеуніктің ұлы Президент әкімшілігінде басшылық қызметке тағайындалды

16 Қазан, 2025

Тоқаев Бектеновке елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру жөнінде тапсырма берді

16 Қазан, 2025

9 градус суық, үсік жүреді: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

16 Қазан, 2025

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.