Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қызылордадағы республикалық форум: Қазақстанда онлайн алаяқтардан жапа шеккендер азаймай тұр

25 Маусым, 2025 Қызылорда облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанда онлайн алаяқтардың құрбаны болғандар саны жыл сайын артып келеді. 2024 жылы азаматтар 11,4 миллиард теңгеден айырылған. Бұл мәселе қоғам үшін өзекті проблемаға айналып отыр. Жеңіл табысқа қызыққандардың көбеюі жағдайды ушықтыра түсуде.

Осы өзекті мәселелер Қызылордада өткен республикалық форумда талқыланды. Жиында қаржылық сауаттылықты арттыру, алаяқтықтың алдын алу және лудоманиямен күрес жолдары қарастырылды.

Алаяқтық қылмыстар үш есеге артты

Соңғы екі жылда елімізде интернет алаяқтық қылмыстары үш есеге өскен. Цифрлық технологияның дамуы алаяқтарға көлеңкелі әрекеттер жасауға мүмкіндік беріп отыр. Бұл — профилактикалық шараларды жетілдіру қажеттігін көрсетеді.

Форум барысында қаржылық сауаттылықты арттыру жолдары ұсынылып, алаяқтардың арбауына жиі түсетін әлеуметтік топтар анық аталды.

Руслан Сатыбалдиев, облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары:

«Қаржы пирамидаларына көбінесе бюджеттік сала қызметкерлері мен зейнеткерлер, соның ішінде мұғалімдер мен медицина мамандары алданады. Соңғы үш жылда қаржы пирамидалары бойынша 14 қылмыстық іс тіркеліп, 11 адам сотталды».

300 млн теңге – қаржы пирамидаларынан келген шығын

2025 жылдың алғашқы жартысында тек Қызылорда облысының өзінде қаржы пирамидаларына алданғандар 300 миллион теңгесінен айырылған. Мұның сыртында құмар ойынға тәуелділік – лудомания дерті ушығып тұр. Бүгінде ел бойынша 400 мыңнан астам адам лудоманияға шалдыққан.

Отбасылық тұрақтылық та бұл мәселенің салдарынан зардап шегуде. Өткен жылы некеге тұрған 123 мың жұптың 40 мыңы бір жылға жетпей ажырасқан.

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:

«Қаржылық сауаттылық – табысты дұрыс басқарудан бөлек, қауіпсіз өмір сүрудің негізі. Біз қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау ісін үздіксіз бақылауда ұстауымыз керек».

«Заң мен тәртіп» қағидаты жүзеге асуда

Аймақта қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде кешенді жұмыс атқарылуда. 2024 жылдан бастап іске қосылған ІТ-тергеу жобасы интернет алаяқтардың ізіне түсуге сеп болып отыр.

Форумда құқық қорғау органдары, дінтанушылар мен сарапшылар сөз сөйлеп, нақты мысалдармен бөлісті.

Нұрлан Асанов, дінтанушы:

«Заң мен тәртіп сақталмаған жерде алаяқтықтың түрлі формалары пайда болады. Жеңіл жолмен табыс табуға ұмтылғандар өздерін де, қоғамды да алдап отыр».

Қоғам белсенділері марапатталды

Форум соңында қаржылық сауаттылықты арттыруға үлес қосқан бірқатар қоғам белсенділері облыс әкімінің және тиісті департамент басшылығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Оқылып жатыр

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

Президент саябағындағы нысандар құрылысы қарқынды

ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

Қазақстанда интернет-алаяқтық өршіп тұр: олармен күресудің жаңа тетіктері енгізіліп жатыр

«Таза қазақстан» экологиялық жобасы: Аралда ескі үйлерге де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.