Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алакөлде жарық мәселесі шешілді: жаңа станция іске қосылды

4 Шілде, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алакөл жағалауындағы демалыс орындарына жаңа «Ақши» қосалқы станциясынан электр жарығы беріле бастады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жағалауды электрмен үздіксіз жабдықтау үшін Бескөлден Ақшиге дейін жоғары вольтты электр беру желілері салынып, жаңа «Ақши» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілген болатын.

— Демалыс орындары заман талабына сай қажетті құрал-жабдықтарды тұрақты пайдаланғандықтан, ескі желі электр қуатының ауқымды жүктемесін көтере алмай жиі сөнетін және электр қуатына деген тапшылық байқалған. Осы мәселені шешу үшін Бескөлден Ақшиге дейін 56 шақырым 110 КВт электр желісі тартылып, қосалқы станция салынды. Жоба жоспар бойынша  келесі жылы аяқталуы керек болатын, бірақ мердігер компания жұмысты қарқынды жүргізіп, биылғы демалыс кезеңіне дейін 4-6 маусымнан бастап демалыс аймақтарына жаңа желіден электр қуатын берді. Қосалқы станция 32 МВт элект қуатын шығарады, ал қазіргі қажеттілік 10 МВт құрап отыр, яғни жаңа желінің қуаты болашаққа есептелген, — дейді Алакөл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Айдар Әбішев.

Электр тапшылығы мәселесінің шешілгеніне демалыс орындарының иелері де риза.

— Бұрын жарық жиі өшіп, біздің жұмысымызға, демалушыларға да көп қолайсыздық туғызатын. Кондиционер, бойлер, тоңазытқыш секілді құрылғыларымызды қатар қоссақ, қысым көбейіп кете ме деп алаңдайтынбыз. Биылғы жаңа маусымнан бастап осы қиындықтан құтылдық. Бұл – жағалауды дамытуға жасалған жемісті қадам болды деп ойлаймын, — дейді кәсіпкер Асхат Слямов.

Осы жаңа желі арқылы болашақта кәріз тазарту құрылғысына да электр қуаты беріледі. Ақши ауылында кәріз жүйесінің құрылысы жобасы 2023 жылы іске асырылып, 69,7 шақырым кәріз желісі салынған болатын, ендігі кезекте Ақши аулында кәріз тазарту құрылғысын салу жұмыстары жүргізілуде. Мердігерлік ұйым нысанның құрылыс жұмыстарын осы жылдың 27 сәуірінен бастаған. Бүгінгі күні зертхана ғимаратының іргетасына шұңқыр қазу, КОС ғимаратына шұңқыр қазу, сондай-ақ тұндырғыштар үшін топырақ шығару жұмыстары сияқты жер қазу жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты 2026 жылы аяқтау жоспарланған. Айдар Әбішевтің айтуынша, кәріз суы биологиялық өңдеуден өткізіліп, бұдан әрі техникалық су ретінде көгалдандыру мақсатына пайдаланылатын болады.

Осы ретте атап өтсек, демалыс орындарында байланыс пен интернеттің сапасын арттыру мақсатында жағалауда 16 базалық станция жұмыс істейді, 2024 жылы оптикалық-талшықты желі тартылды. Интернет байланысына туристік нысандар кезең-кезеңімен қосылуда.

Фото: Жұмабай Мұсабеков, Жеңіс Ысқабай

Оқылып жатыр

Ақсу қант зауыты тәулігіне 3 мың тоннаға дейін өнім қабылдайды

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

Жетісуда ауыл тұрғындарының өтініштері кезең-кезеңімен орындалып жатыр

«Тоқаевтың атын жамылған алаяқ»: мәслихат депутаты жетісулық кәсіпкерді 130 млн теңгеге алдаған (ВИДЕО)

Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.