Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістанда бюджеттік тәртіп пен ашықтықты арттыру жолдары талқыланды

25 Шілде, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ғимаратында «Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің тиімділігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Іс-шараға Департамент басшысы, басшының орынбасары, құрылымдық бөлім басшылары, сонымен қатар, облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдар – білім басқармасының басшысы, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы, мәдениет басқармасының бас маманы және өзге де жауапты мамандар арнайы келіп қатысты.

Жиында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі әзірлеген «Онлайн бюджеттік мониторинг» (ОБМ) жүйесінің тиімділігі, ағымдағы жағдайы және өңірдегі іске асырылуы жан-жақты талқыланды. Бұл жүйе – құқық қорғау органдарымен өзара іс – қимыл шеңберінде бюджет қаражатын ысырап етудің алдын алу құралы ретінде қолданылып отыр, яғни бюджеттік тәртіпті нығайтудың, шығыстардың ашықтығын қамтамасыз етудің және азаматтық бақылауды дамытудың тиімді тетігі ретінде қарастырылуда.

Сонымен қатар өзара іс-қимыл шеңберінде ОБМ жүйесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ерте анықтау құралы ретінде қолданылып отыр

Аталған дөңгелек үстелде ОБМ жүйесі арқылы Түркістан облысында 2024 жылғы қараша мен 2025 жылғы маусым аралығында күмәнді төлемдер бойынша тәуекелдер анықталғаны баяндалды. Оның басым бөлігі білім беру саласына тиесілі.

Департамент тарапынан аталған тәуекелдерге байланысты ресми жолданған хабарламалар, олардың орындалуы және бірнеше хабарламаның тиісінше орындалмағаны атап өтілді. Бұл – қаржылық тәртіп пен бақылау мәдениетінде жүйелі кемшіліктер бар екенін көрсетеді.

Жиын барысында сөз сөйлеген Департамент мамандары ОБМ жүйесінің нақты артықшылықтарын атап өтіп, мемлекеттік органдардың кері байланысының әлсіздігіне алаңдаушылық білдірді. Қаржының негізсіз жұмсалу тәуекелдерін болдырмау, дәлелдемелік базаны сапалы қалыптастыру, уақытылы жауап беру сынды мәселелер жиынның негізгі күн тәртібінде болды.

Талдау нәтижесінде 63,5 млн теңгеден астам сомаға 325 төлем бойынша бұзушылықтар расталып, оның 12 млн теңгеден астамы бюджетке өндірілгені, ал 6,7 млн теңгенің ісі құқық қорғау органдарына жолданып, сот процесі жүріп жатқаны айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар ОБМ жүйесін жетілдіру, күмәнді төлемдердің алдын алу, жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, әр басқармаға нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Аталған дөңгелек үстел мемлекеттік қаржыны басқарудағы жаңа форматтағы өзара ынтымақтастық пен ашықтықты дамыту жолындағы маңызды қадам болды.

Оқылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

Түркістан облысында ауқымды «Аq-dala» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында тұмау мен жрви-ге қарсы екпе салу жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай Түркістанда сенбілік өтті

Түркістанда түркі елдерінің қолөнершілер орталығы ашылып, қолөнершілердің халықаралық фестивалі өтті

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.