Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістанда заманауи балық шаруашылығы кластері құрылады

22 Шілде, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Өзбекстан Республикасынан арнайы келген инвесторлар делегациясымен ресми кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар инвестициялық әріптестікті нығайтып, қаланың экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды жобаларды талқылады. Атап айтқанда, қала іргесіндегі әуежай аумағында заманауи балық шаруашылығы кластерін құруға арналған жаңа инвестициялық жобаның жүзеге асырылу барысы басты назарға алынды.

Кездесу аясында қала басшысы шетелдік инвесторлармен бірге жобаның жоспарланған жер телімін арнайы аралап көрді. Онда олар инфрақұрылымдық жағдаймен, су ресурстарының мүмкіндіктерімен, сондай-ақ инвестициялық климатпен жан-жақты танысты. Әкім тарапынан бұл жобаның Түркістан қаласы үшін әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы атап өтілді.

Аталған жобаға Өзбекстандық инвесторлар тарапынан жалпы сомасы 5 миллион АҚШ доллары көлемінде жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр. Жобаның жалпы аумағы 100 гектарды құрайды. Оның ішінде 70 гектар су қоймаларын орналастыруға, 10 гектар интенсивті балық өсіру бассейндеріне бөлінсе, қалған 20 гектар әкімшілік ғимараттар, өндірістік кешендер және туристік инфрақұрылым нысандарына арналмақ.

Жобаның аясында инкубациялық құрылғылар, шабақ және балапан балық өсіретін арнайы шаруашылықтар, балық өсіруге арналған заманауи интенсивті су айдындары салынады. Бұған қоса, туристік бағытты дамыту мақсатында 200 орындық заманауи қонақүй мен ұлттық тағамдар ұсынылатын мейрамхана салу көзделіп отыр. Бұл туристер мен қала қонақтары үшін қосымша демалыс орны болмақ.

Жоба толық іске қосылған жағдайда жылына 1000 тонна жоғары сапалы балық, 50 миллион дана шабақ және 400 мың дана балапан балық өндіру жоспарланған. Бұл тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті де арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба нәтижесінде 100-ден астам тұрақты жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар үшін табыс көздері кеңеймек.

Инвестициялық жоба алты кезең бойынша жүзеге асырылады. Толық іске қосу мерзімі — екі жыл деп жоспарланған. Қазіргі таңда екі елдің кәсіпкерлері мен тиісті құрылымдары арасында өзара ынтымақтастықты бекітуге бағытталған құжаттар дайындалу үстінде. Соның ішінде инвестициялық меморандум жобасы қарастырылып, жақын арада екіжақты келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Бұл жоба Түркістан қаласының агроөнеркәсіптік кешенін дамытып, аймақ экономикасына тың серпін береді деп сенеміз.

Оқылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

Түркістан облысында ауқымды «Аq-dala» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында тұмау мен жрви-ге қарсы екпе салу жұмыстары жүріп жатыр

Түркістанда көшені ластаған 8 мың адам жауапкершілікке тартылды

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай Түркістанда сенбілік өтті

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.