Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Түркістан қаласының айналма жолының құрылысы биыл басталады

24 Шілде, 2025 Түркістан облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd.» компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэймен ресми кездесу өткізіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұған дейін Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасына қатысқан аталмыш қытайлық компания енді Түркістан өңірінде де ауқымды инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін білдірді.

Кездесу барысында тараптар Түркістан облысында бірлесіп іске асырылатын жобалар тізбегін қарастырып, алғашқы нақты қадам ретінде Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысын бастауды келісіп бекітті. Аталған жоба биылғы жылдың қыркүйек айында іске қосылып, өңір үшін маңызды көлік-логистикалық нысанға айналуы көзделіп отыр.

– Екі ел Президенттері арасындағы достық пен стратегиялық әріптестік түрлі салаларда ірі бастамалардың жүзеге асуына жол ашып отыр. Бір ай бұрын Сізбен болған алғашқы кездесуімізде Түркістан өңірінде бірнеше жобаны іске асыруға келіскен болатынбыз. Енді міне, сол уағдаластық нақты қадамдарға ұласып отыр. Бұл — Түркістан облысының экономикалық дамуына тың серпін беретініне сенімдімін, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Инвестор тарапынан қолға алынатын басты жобалардың бірі — Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысы. Қазіргі таңда халықаралық маңызы бар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізі Түркістан қаласының орталық бөлігінен өтуде. Бұл жағдай күн сайын шамамен 8000-ға жуық ірі жүк көлігінің қала орталығымен жүруіне себеп болып отыр. Салдарынан қала көшелерінде көлік кептелісі жиілеп, жолдардың тез тозуына әкелуде. Сонымен қатар, жүк тасымалдаушылар үшін де қаланың ішкі жолдарымен жүру тиімсіз әрі қолайсыз.

Осы мәселені түбегейлі шешу үшін Түркістан қаласының шығыс бөлігінен ұзындығы шамамен 30 шақырым болатын жаңа айналма жол салу жоспары мақұлданды. Бұл жоба толықтай іске қосылған жағдайда қала орталығындағы көлік ағыны азайып, жол қауіпсіздігі мен тұрғындардың жайлылығы артады. Құрылыс мерзімі 1,5 жыл деп жоспарланып отыр.

Кездесу барысында тараптар тек жол құрылысы ғана емес, сонымен қатар өңірде заманауи логистикалық орталық пен өндірістік кәсіпорындар ашу бойынша да келіссөз жүргізді. Жобалардың жүзеге асырылуы аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қытайлық серіктестер Түркістан облысының логистика, көлік, құрылыс және өндіріс салаларындағы мүмкіндіктерін жоғары бағалап отыр.

Келешекте қолға алынатын әріптестік жобалар Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп, халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналады деп күтілуде.

Оқылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

Түркістан облысында ауқымды «Аq-dala» мақташылар фестивалі өтті

Түркістан облысында тұмау мен жрви-ге қарсы екпе салу жұмыстары жүріп жатыр

Түркістанда көшені ластаған 8 мың адам жауапкершілікке тартылды

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай Түркістанда сенбілік өтті

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.