Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…» Абайдың 180 жылдығына орай бүгін Семейде төрт үлкен маңызды шара өтеді

9 Тамыз, 2025 Абай облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ұлы Абайдың 180 жылдығы кең ауқымда тойланып жатыр. Ақынның 180 жылдығы тек той тойлау ғана емес, атаулы шара барысында Абай облысын қайта түрлендіріп дамыту жолында маңызды ғимараттардың іргетасы да қаланады, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Оқиға орнында жүрген меншікті тілшінің хабарлауынша, бүгін Семей қаласында зиялы қауым мен ғалымдардың қатысуымен ғылым-практикалық конференция өтеді.

Ұлы ақын, ағартушы, гуманист Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына арналған «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы сағат 10:00-де Шәкәрім университеті Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде басталады.

Шығармашылық мұрасымен адамзат өркениетінің биік идеалдарын ашып көрсеткен философ әрі ақын Абай Құнанбайұлы ұлы ойшылдар шоғырынан лайықты орнын алды. Қазақ халқының руханиятына негізделген «толық адам» тұжырымдамалық идеялары бүкіл адамзатты біріктіретін гуманизмді қалыптастыруға бағытталған. Адамзаттың технократиялық даму жағдайында руханияттың маңызы – бүкіл прогрестің өзегі екендігі еш күмән туғызбайды. Абайдың баға жетпес мұрасы – өскелең ұрпақты адалдыққа тәрбиелеудің таптырмас құралы. Абайдың гуманистік идеялары – оның шығармашылығы мен дүниетанымының өзегі. Абай идеялары – қазіргі қоғам үшін де өзектілігін жоймаған рухани бағдар, адамды жетілдірудің, қоғамды тәрбиелеудің және адамзаттың болашағын жарқын етудің негізі.

«Конференцияның мақсаты – Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын терең зерделеу, ақынның шығармашылығы мен ой-толғамдарын қазіргі заман тұрғысынан қайта пайымдау, Абай ілімінің ұлттық сананы қалыптастырудағы, білім мен тәрбиедегі, тұлға дамытудың мәдени-философиялық негізі ретіндегі орнын айқындау. Сонымен қатар, абайтану ғылымының өзекті мәселелерін талқылау арқылы жас зерттеушілер мен ғылым жолындағы ізденушілердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау»,  — делінген хабарламада.

Конференцияға қатысушылар отандық әр алуан ғылым салаларының мамандары: әдебиеттанушылар, тіл мамандары, мәдениеттанушылар, философтар, тарихшылар, абайтанушы-ғалымдар, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан т.б. алыс жақын шет елдер ғалымдары.

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Семей қаласының Орталық алаңында «Абайға тарту» атты өзге облыстардан келген шығармашылық ұжымдардың концерті өтеді.

Мәдени шараның басты мақсаты – ұлы ойшылдың мұрасын дәріптеу арқылы өңіраралық мәдени серіктестікті арттыру, өнер арқылы рухани құндылықтарды жаңа буынға жеткізу. Концертке Қазақстанның әр өңірлерінен келген өнер ұжымдары қатысады.

Бұл – ел ішіндегі өнердің бірлігі мен сабақтастығын көрсететін маңызды мәдени шара болмақ.

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» атты халықаралық поэзия фестивалі өтеді. Фестиваль ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының және Михай Эминеску атындағы Халықаралық поэзия академиясының қолдауымен ұйымдастырылады.

«Шараға Түркі әлемі жазушылар одағы мен әлемнің 15 елінен келген танымал ақындар қатысады. Бұл бастама — Абай поэзиясын жаһандық контексте жаңаша танытуға бағытталған бірегей мәдени жобалардың бірі. Фестиваль аясында Абай өлеңдері 15 тілге аударылып, арнайы біртомдық жинақ пен халықаралық поэтикалық антология жарық көреді»,- делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Абай мұрасын күй өнері арқылы дәріптеу, ұлттық музыканы ұлықтау мақсатында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-композитор Айбек Бекбосынның жетекшілігімен Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының «Телқара» атты концерті өтеді.

Концертте қазақтың күй өнерінің терең философиясы мен әуендік байлығы көрерменге ұсынылады. «Телқара» – қазақ руханиятының көркем бейнесін музыка арқылы жеткізетін ерекше бағдарлама. Айбек Бекбосын бастаған ұжым Абай әлемін саз тілінде сөйлетіп, ұлттық мұраның тұнығына бойлатуды мақсат етеді.

Кеш — ұлы ойшылға арналған музыкалық тағзым ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақты төл өнерге баулуға арналған рухани тәрбие алаңы болмақ.

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.