Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Нұрәлінің нәзік троллингі: Назарбаев әулетінің шетелдік шоуы Ақорданың сабырын сарқыды…

26 Тамыз, 2025 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Соңғы кезде тым еркінсіп кеткен Назарбаевтың жиені Жаңа Қазақстанның жүйкесіне тиіп жүр. Билік алдағы күндері әулет мүшелеріне «тым қатты жарқырамаңдар» деген месседж жолдап, жақсылап тұрып ескерту жасамақ, деп жазады Todayinfo.

Назарбаев әулетінің халықаралық тусовкілерде емін-еркін тайраңдап жүруі ел ішіндегі «ескі Қазақстан жазасыз кетті» деген әңгімені қайта қоздатып, билік үшін артық мәселе туғызуда.

Тоқаевқа дәл қазір Назарбаев әулетінің шетелдік сән-салтанаты емес, ел ішіндегі саяси тұрақтылық пен әлеуметтік көңіл-күй маңыздырақ.

«Нұрәлі Әлиев, Дариға Назарбаева және басқа да әулет өкілдерінің Еуропадағы кештерде, Канн фестиваліндегі гала-концерттерде төбе көрсетуі билік пен халық арасындағы нәзік диалогты қайта шиеленістіріп жіберуі мүмкін. Дәл осы диалог қазіргі жүйенің ең маңызды тірегі екенін президент жақсы түсінеді. Әулет өкілдерінің желідегі әсіре белсенділігі, әсіресе Нұрәлі Әлиевтің кекесінді посттары қазіргі билікке қыр көрсету секілді әсер қалдырады», — деп жазды интернет порталы.

Тоқаевтың Назарбаев әулетіне тұспалдап отырған негізгі ойы «дәурендерің де, дәуірлерің де өтті, ендігіде тасада жүріп үйреніңдер» дегенге келетін тәрізді.

Бұған қосымша тағы бір тосын аргумент бар…

Отбасының желідегі белсенділігі ел ішіндегі Тоқаевқа қарсы көңіл-күйді ұлғайтуға бағытталған, астыртын стратегия болуы да ғажап емес.

Президенттің түпкі мақсаты қоғам санасын Назарбаев дәуірінен біржолата алшақтату, бірақ бұл үшін әулет өкілдері де биліктің сызып қойған шекарасынан аспауы тиіс.

Әулетке ескерту жасауға оқталып отырған биліктің «жылтыңдай бермеңдер» деген ишарасы Тоқаевтың ел ішіндегі саяси тұрақтылықты сақтауға бағытталған, сырттай жұмсақ көрінгенімен, шын мәнінде салмағы ауыр, астары терең саяси жүріс.

Ақпарат көзі: Ertenmedia

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.