Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жетісуда ауыл тұрғындарының өтініштері кезең-кезеңімен орындалып жатыр

29 Тамыз, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жетісуда облыс әкімімен жыл сайынғы кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілетін мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәселен, Кербұлақ ауданында өткен жылғы кездесудің қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету, су тасқынының алдын алу, көше жарығын орнату, жол жөндеу шаралары қабылданды, – деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, биылғы жылдың шілде айында Малайсары ауылында көше жарығын орнату жұмыстары аяқталды. Бұл мәселені ауыл тұрғыны өткен жылы болған облыс әкімімен кездесу кезінде көтерген болатын. Сондай-ақ халықты орталық ауыз сумен қамту мәселесі де шешімін тапты.

– Өткен жылы облыс әкімінің аудан халқымен өткен кездесуіне қатыстым. Сол кезде ауыл тұрғындарының атынан Малайсары ауылындағы түйткілді мәселелерді көтердім. Ең алдымен көше жарығының жоқтығы, екіншіден, су құбыры желілерін жөндеу жайын айттым. Биыл ауылға су келді, жөндеу жүргізілді, көшелер толықтай жарықтандырылды. Осындай өзекті мәселелердің қысқа мерзімде шешілгеніне қуаныштымыз, — дейді пікір білдірген ауыл тұрғыны Дархан Әбішев.

Аталған ауылдың тағы бір тұрғыны осындай пікірде.

– Мен Малайсары ауылында 40 жылдан астам уақыттан бері тұрамын, осы жерде туып-өстім. Жолдасым екеуміз зейнетке шықтық, қазір немере тәрбиелеп отырмыз. Бұрын құдықтан су алатынбыз, кейін құдықты өз ауламыздан шығарып алдық. Өткен жылы ауылға орталық су құбыры тартылды. Енді үйімізге су кіргіздік. Кейде су беруде үзілістер болып тұрады, әзірге жөнге келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Суымыз таза, дәмді, оған қоса құдықтағы суды да пайдаланып жүрміз, – деді ауыл тұрғыны Раушан Сураншинова.

Сондай-ақ су тасқынының алдын алу мақсатында ауылдың кіреберісінде ұзындығы 1 км 330 метр, биіктігі 3 метр болатын бөгет орнатылып, жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек екі көпір салынып жатыр. Онда шамамен 30 адам, 15 техника жұмылдырылған. Жұмыстар мамыр айында басталып, бүгінде 80%-ға орындалды. Аяқталуы қазан айына жоспарланған.

Жақын күндерде Малайсары ауылына газ жеткізіледі. Тұрғындардың өтініші бойынша Малайсарыны қоса алғанда өңірлік газдандыру схемасына кірмеген 6 ауылды газдандыруға құжаттама әзірленіп жатыр. Газ құбырын тарту жұмыстары келесі жылы басталады. Ал биылғы қыркүйек айының соңында ауылда заманауи блокты-модульді дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілмек.

Бұдан бөлек аудан тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, Жаналық ауылында Шоқан және Натаров көшелерін жалғайтын көпірге күрделі жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ Қарашоқы ауылында спорт кешенін салу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр.

Фото: Жеңіс Ысқабай

Оқылып жатыр

Ақсу қант зауыты тәулігіне 3 мың тоннаға дейін өнім қабылдайды

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

«Тоқаевтың атын жамылған алаяқ»: мәслихат депутаты жетісулық кәсіпкерді 130 млн теңгеге алдаған (ВИДЕО)

Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Жетісу облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жасанды интеллектінің көмегімен мурал салынды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.