Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жетісу облысында Конституция күніне орай жаңа зауыт іске қосылды

30 Тамыз, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ел Конституциясының 30 жылдығы аясында Жетісу облысында тәулігіне 120 тонна жүгері дәнін кептіретін цехы бар құрамажем зауыты ашылды. Экспортқа бағытталған кәсіпорын Панфилов ауданының Жаркент қаласында іске қосылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан-Қытай бірлескен жобасының жүзеге асырылуы нәтижесінде аудан экономикасына 500 млн теңге инвестиция тартылып, 30-дан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

– Кептіру кешені бар зауыттың іске қосылуы жергілікті шаруаларға үлкен қолдау болып отыр. Енді фермерлер өз өнімдерін жылдам әрі сапалы кептіруге мүмкіндік алады. Озық технологияларды пайдаланудың арқасында өңдеу шығыны барынша азайтылып, шикізатты ұзақ мерзім сақтауға жол ашылады. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің табысын арттыруға және өңір экономикасының дамуына ықпал етеді, – деді нысанның ашылуына қатысқан Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек.

Зауыттың техникалық ерекшеліктері және алдағы даму жоспары жайлы зауыт директоры Ербол Өрнекеев айтып берді.

Оның айтуынша, кәсіпорынның құрылысы өткен жылдың қыркүйегінде басталған. Зауытқа орнатылған Қытайда өндірілген қондырғылардың көмегімен тәулігіне 110 тонна түйіршіктелген жем шығаруға мүмкіндік бар. Дайын өнім Қытайға, Иранға, Өзбекстанға экспортталмақ.

– Біз жергілікті шаруалардан 50 тонна жүгері дәнін қабылдай аламыз, ал толық қуатына шыққанда екі ауысымда жұмыс істеп, айына малға, құсқа, балыққа арналған 200 мың тоннадан астам жем өндіреміз. Өнім сапасын арнайы зертханамызда қадағалаймыз, – деді Е. Өрнекеев.

Атап өтсек, биыл Жетісу облысында жүгері алқабы 42,2 мың гектарды құраса, соның 23,1 мың гектары Панфилов ауданының үлесінде. Егістіктен кемінде 300 мың тонна шикізат жиналады деп күтілуде.

 Фото: Нұрбол Қанағат

Оқылып жатыр

Ақсу қант зауыты тәулігіне 3 мың тоннаға дейін өнім қабылдайды

Жетісуда ауыл тұрғындарының өтініштері кезең-кезеңімен орындалып жатыр

«Тоқаевтың атын жамылған алаяқ»: мәслихат депутаты жетісулық кәсіпкерді 130 млн теңгеге алдаған (ВИДЕО)

Биыл Жетісу облысында 41 мыңнан астам оқушының мектепке жиналуына көмек көрсетіледі

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Жетісу облысында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай жасанды интеллектінің көмегімен мурал салынды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.