Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жауапты өндіріс: бизнес пен қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 Қазан, 2025 Технология
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жауапты өндіріс — кәсіпорындардың экологиялық әсерді азайтып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ресурстарды ұтымды пайдалануына бағытталған тәжірибе. Бұл бағыт инновация мен ашықтықты дамытудың, сондай-ақ ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілікті арттырудың нақты тетігіне айналып келеді.

Соңғы жылдары елімізде тұрақты даму қағидаттарын қолдауға бағытталған бірқатар стратегиялық құжаттар қабылданды. Олардың қатарында «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы», «Қазақстан – 2050» стратегиясы, «Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы», сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бар. Бұл бастамалар бизнестің экологиялық жауапкершілігін арттырып қана қоймай, энергия тиімділігін жоғарылатуға және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға жол ашты.

Мәселен, Экологиялық кодекс «ластаушы төлейді» қағидатын бекітіп, шығарындыларды азайту бойынша нақты стандарттар енгізді. Ал «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы» табиғи ресурстарды үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыруды елдің ұзақ мерзімді басымдығы ретінде айқындады.

Компаниялар тәжірибесі

Қазақстандық кәсіпорындар да бұл бағытта нақты қадамдар жасауда.
Мысалы, «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорны отынды газға ауыстыру арқылы шығарындыларды 30%-ға төмендетуді жоспарласа, QazaqGaz компаниясы жаңартылатын энергия үлесін арттыру стратегиясын әзірлеуде. Ал «Теңізшевройл» ілеспе газды кәдеге жарату жобаларына инвестиция салып, парниктік газдардың азаюына үлес қосып отыр.

Бүгінде Қазақстанда қуаты 2 ГВт-тан асатын 134 жел, күн және су электр станциясы жұмыс істейді. Бұл – еліміздің тұрақты энергетикаға көшу жолындағы нақты нәтижесі.

Жауапты өндіріс экологиялық бағытпен шектелмейді. Көптеген компаниялар еңбек қауіпсіздігін, қызметкерлердің әл-ауқатын және қоғамдық жобаларды басты назарда ұстайды. Мысалы, CNPC-Ақтөбемұнайгаз кәсіпорнында халықаралық қауіпсіздік стандарттары енгізілген, ал SANTO фармацевтикалық компаниясы жас ғалымдарға гранттар беріп, білім мен ғылымды қолдауда. Осындай тәжірибелер бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, әлеуметтік тұрақтылықтың негізін қалайды.

Қазіргі өндіріс цифрлық технологиясыз мүмкін емес. ERG компаниясы енгізген «цифрлық егіз» жүйесі өндіріс процестерін нақты уақытта бақылауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жабдықтың тоқтап қалуы 20%-ға, шикізат ысырабы 10%-ға азайған. Бұл – экологиялық және экономикалық тиімділікті қатар қамтамасыз ететін мысал.

Кейбір кәсіпорындар қайта өңдеу мен жабық өндіріс циклдарын енгізіп, қалдықтар көлемін қысқартуда. Мұндай тәсілдер циркулярлы экономиканы дамытуға және ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашады.

Жауапты өндіріс бағытының дамуына бірқатар кедергілер бар.

Біріншіден – қаржылық шектеулер: шағын және орта бизнес үшін экологиялық технологияларға инвестиция салу әлі де қиын.

Екіншіден – реттеуші күрделілік: стандарттардың бірыңғай болмауы мен бақылау жүйесінің әлсіздігі.

Үшіншіден – білікті кадр тапшылығы және экологиялық өнімге тұтынушылар сұранысының төмендігі. Бұл факторлар тұрақты өндіріс мәдениетінің толық қалыптасуына кедергі келтіреді.

Жауапты өндірісті ілгерілету үшін мемлекет пен бизнес бірлесіп жүйелі шаралар қабылдауы қажет. Сарапшылардың бағалауынша, ең алдымен, жасыл қаржыландыру тетіктерін кеңейту маңызды: АХҚО алаңында «жасыл» облигациялар мен көміртегі несиелерін шығару, сондай-ақ энергия үнемдейтін жобаларға салықтық жеңілдіктер беру керек. Бұдан бөлек, экологиялық есептіліктің бірыңғай стандарттарын енгізу және экологиялық аудитті міндеттеу кәсіпорындардың ашықтығын арттырады. Білім мен кадр саясаты да шешуші рөл атқарады – университеттер мен колледждерде тұрақты өндіріс, энергия тиімділігі және экологиялық менеджмент бойынша жаңа бағдарламалар әзірленіп, өңірлік қайта даярлау орталықтары құрылуы тиіс. Сонымен қатар циркулярлы экономиканы дамыту – қалдықтарды өңдеу мен қайта пайдалану жүйесін жетілдіру – ресурстарды үнемдеудің негізгі тетігі болмақ. Цифрлық технологияларды енгізу де маңызды бағыт: өндірістік процестерді нақты уақытта бақылау және шығарындыларды автоматты есепке алу экологиялық тиімділікті арттырады. Ақпараттық саясат тұрғысынан алғанда, қоғамның экосанасын көтеру және «жасыл» өнімге сұранысты ынталандыру да қажет. Осы шаралар кешені жүзеге асқан жағдайда, Қазақстан экономикасы жауапты өндіріс моделін кеңінен енгізіп, халықаралық нарықта «жасыл және сенімді өндіруші» ел ретінде орныға алады.

Қазіргі таңда Қазақстанда жауапты өндіріс – сән емес, уақыт талабы. Бұл бағыт елдің инновациялық дамуын, экспорттық әлеуетін және жаңа жұмыс орындарының құрылуын қамтамасыз етеді. Мемлекет, бизнес және ғылым күш біріктірген жағдайда, еліміз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізіп, тұрақты экономика моделін қалыптастыра алады.

 

Автор: Темербулатова Ж.С., PhD, аға ғылыми қызметкер

Оқылып жатыр

Aitu на первом заседании Совета по развитию ИИ

Алғаш рет қазақстандық ЖИ стартаптың нарықтық құны $1 млрд. асты

Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асырудағы мемлекеттік саясат және Жолдаудың міндеттері

Жасанды интеллектінің білім беру саласындағы ықпалы туралы халықаралық тамыз конференция өтеді

«Өзіне қол жұмсаған адамда жәннаттық»: блогер молдалар айтатын уағыздың жалған екенін мәлімдеді

Астана көгінде қандай әскери тікұшақтар мен бомбалаушы истребителдер қалықтады

Соңғы жазбалар

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.