Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматы облысында жер сілкінсе де хирургтар көпбалалы анаға отаны жалғастыра берген

5 марта, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысында болған жер сілкінісі кезінде дәрігерлер ауыр ота жасап, бірнеше науқастың жанын арашалап қалды, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері Раушан Әбдуәлиева қауіпті жағдайға қарамастан, төртінші баласын аман-есен дүниеге әкелуді көздеген аяғы ауыр әйелге кесарь тілігін жасады.

«Нәресте мен оның жолдасын құрсақ қуысы мен жатырды кесу арқылы шығару кезінде, жан-жағымыз дір ете қалғанын сездік. Бұл жер сілкінісі екендігін түсіндік. Дегенмен, ана мен бала өмірінің қауіпсіздігінің маңыздылығын ойлап, отаны сәтті аяқтауды көздедік. Мен жатырды тігуге кірістім. Әйелге жұлын анестезиясы берілгендіктен, ол нәрестесінің аман-есен дүниеге келгенін түсініп, жақсы сезімде болды. Мен үшін оның сол кездегі психологиялық тыныштығы бәрінен де маңызды еді: «Сүйкімді сәбиіңіз дүниеге келді, құттықтаймыз!»,- дедім. Қуанышымызға орай, әйел жер сілкінісін сезбеді. Жаңа ғана сәбилі болғанына қуануда болды», — деді акушер-гинеколог дәрігер Раушан Әбдуәлиева.

Ұл бала салмағы 3910 грамм, бойы 55 см болып дүниеге келді. Ананың да, жаңа туған нәрестенің де жағдайы жақсы.

«Бұл ең бастысы еді. Отадан шыққаннан кейін мен, әрине, жолдасыма және балаларыма қоңырау шалдым. Оларда барлығы жақсы екендігін білдім және «Тыныштық эмоциялардан күшті» екен деген қорытынды жасадым. Мен, бұл күнге дейін, бала туылған кезде жер сілкінісі болатынын елестете де алмағанмын, бірақ эмоцияға берілмеу, менің назарымды қуанышты оқиғаға аударуға көмектесті. Мен тіпті не қилы жамандық туралы ойлағым да келмеген еді! Ота сәтті аяқталды, дегенмен есімізде мәңгілік сақталып қалатыны сөзсіз!», — деді дәрігер.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының тағы бір топ дәрігері зілзала кезінде ауыр ота жасап, науқасты аман алып қалды. Хирург-дәрігер Тахир Шкуралиев, Айдос Кизатов және Айжарық Шерхан 50 жастағы науқасқа ауыр ота жасап жатқанда 5 балдық жер сілкінген.

«Біз не болып жатқанын бірден түсіндік, бірақ ешқайсымыз үрейленбей, сабырлы түрде отаны жалғастырдық. Жер сілкінісінің күші одан да жоғары болса да, біз науқасты қалдырмайтын едік», — деді оташы-дәрігер Шерхан Мұратұлы.

«Сәл болсада, қорқыныш болды ма?», — деген сұраққа, дәрігер«Жоқ!»,- деді.

Зілзалада реанимация столында жатқан науқас қазір өзін жақсы сезінеді. Ол Қонаев қаласы дәрігерлерінің өзіне экстремалды жағдайда ота жасағанына таң қалып, алғысын жаудырды.

«Керісінше, науқастың өмірі мен денсаулығы бәрінен де жоғары екенін, тіпті жер сілкінісі де оны тағдырдың тәлкегіне қалдыруға себеп болмайтынын тағы бір аңғарған жағдай болды. Біздің емдеу мекемесінде бірде-бір дәрігер науқасын тастап кетпей, оның қауіпсіздігі үшін, керісінше, жер сілкінісінің ықтимал зардаптарынан қорғауға тырысқанына сенімдімін», — деді маман.

Алматыда анаға берген де жалғастыра жер көпбалалы отаны сілкінсе хирургтар

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.