Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ақтауда «Өзенмұнайгаз» АҚ директорының орынбасары сотталды

12 марта, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақтау қалалық сотында «ӨзенМұнайГаз» АҚ директорының бұрынғы орынбасары Ермек Қарамырзаевқа үкім шығып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі тергеушілер күдікке ілінген лауазым иесіне салғырттық салдарынан ауыр зардаптарға әкелген (ҚК 371-бабының 2-бөлігі) және заңды кәсіпкерлік қызметке аса ірі мөлшерде кедергі келтіргені (ҚК 365-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы) үшін деп айып таққанын мәлімдеді.

Сот барысында айыпталушы Ермек Қарамырзаевтың «Өзенмұнайгаз» АҚ директорының мұнай және газ өндіру жөніндегі орынбасары қызметіп атқарып, сонымен қатар компанияның конкурстық комиссиясының төрағасы бола тұра, бұрғылау жұмыстарына тендер өткізу кезінде белгілі бір компанияның мүддесін қорғау арқылы басқа компанияға зиян келтіргені анықталды.

«Сотталушы Ермек Қарамырзаев «К» ЖШС жеңімпаз деп танылған 2023 жылғы 20 наурыздағы тендер қорытындылары туралы хаттаманың күшін жоймай, былтыр 29 наурызда дәл сол лоттар бойынша тендер өткізу туралы заңсыз шешім қабылдаған. Е.Қарамырзаев өз әрекетінің заңсыздығын түсініп, «А» ЖШС-нің өтініші әлеуетті өнім берушілердің талаптарына сәйкес келмейтінін біле тұра, өз өкілеттіктерін «А» ЖШС-нің мүдделерін қолдау мақсатында пайдаланып, 29 наурызда қайталама жиналыс өткізіп, нәтижесі бойынша барлық 4 лот «А» ЖШС аукциондарына жіберу туралы шешім қабылдаған. Конкурс қорытындысы бойынша бағаны барынша төмендеткен «А» ЖШС жеңімпаз деп танылып, қызметтердің жалпы құны 2,7 млрд теңгеден астам сомаға төмендетілген», — деп жазылған қалалық сот таратқан хабарламада.

Сонымен қатар компания директорының орынбасары болған Ермек Қарамырзаев «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» ЖШС арасында жасалған сорғы және компрессорлық құбырларды жалға беру туралы шарт талаптарының орындалуын тексермей, орындалған жұмыстар туралы актілерге қол қойып, 21 749 456 млн.теңге сомасындағы жалдау ақысын төлеуден ұстау шараларын қолданбай салғырттық танытқаны белгілі болып отыр.

Оның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен басқа да іс материалдарымен дәлелденген. Бұл ретте прокурор Ермек Қарамырзаевты жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы кінәсін мойындаудан бас тартып, өзін ақтауды сұрады.

«Сот үкімімен айыпталушы Ермек Қарамырзаев ҚК-тің 371- бабының 2-бөлігі, 365-бабының 3-бөлігі 2-тармағы, 58-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оны өмір бойы мұнай-газ саласындағы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деді Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Сот үкімі шыққанымен әзірге заңды түрде күшіне енген жоқ.

АҚ Ақтауда бұрынғы директорының орынбасары сотталды Өзенмұнайгаз

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Соңғы жазбалар

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.