Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Геноцид емес» — «Сталиндік көшпенділер» кітабының авторы ашаршылық туралы не деді?

17 января, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Назарбаев университетінде күні кеше неміс ғалымы Роберт Киндлердің «Сталиндік көшпенділер» кітабы таныстырылды. Жиынға ғалымның өзі келіп, Ашаршылық тарихы жайлы пайымын айтты, деп хабарлайды Todayinfo Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Әдейі жасалған геноцид» емес

Кітап осыдан 10 жыл бұрын жазылған. Қазақ тіліне оны жазушы Өтен Ахмет аударған.

Неміс ғалымы Роберт Киндлер Қазақстанның совет заманы кезіндегі тарихын зерттеп жүрген шетел ғалымдарының бірі. «Stalins Nomaden» (Сталиндік көшпенділер) атты кітабы қазақ халқының 1917-1950 жылдар аралығындағы өмірін сипаттайды. Ғалым еңбекті жазып шығу үшін Қазақстан мен Ресейдің, басқа да мемлекеттердің архивін ақтарып, әдеби шығармаларға көз жүгірткен. Өз есебі бойынша, өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы аштық кезінде 1,5 млн адам көз жұмған.

Кітап алдымен, ағылшын, содан кейін орыс тіліне аударылған. Қазақ тіліне аудару жөнінде ұсынысты авторға «Фолиант» баспасы ұсыныпты. «Сондай ұсыныс түскенде таңғалдым» дейді ол.

 

«Бұл әдейі, қасақана (Ашаршылық) болған жоқ. Қазақтарға бағытталған жоқ. Егер кімде-кім ашаршылық салдарын геноцид ретінде қарастырса келісем. Бірақ қазақтарды әдейі өлтіру ойы болған жоқ. Мұны мен Кеңес одағыныңы әртүрлі науқандарының, ұжымдастыру, отырықшыландырудың, көшпенділерді басқа өмір салтына мәжбүрлеудің салдары деп білем», — деген автор Ашаршылыққа «Әдейі жасалған геноцид» емес деп баға береді.

 

«Жеп қойған баласын жоқтап, жылай-жылай екі сөзі солып қалған»

Кітапты қазақ тіліне аударған Өтен Ахмет ғалымның еңбегіне жоғары баға береді. Тарихи құжаттармен қатар әдеби кітаптарды да шолып шыққанын бағалайды.

«Ашаршылықты біз көрмесек те, біздің әке-шешелеріміз көрді. Біздің ауылда екі көзі жоқ әйел болатын. Бір қарағанда, әлгі әйел адамға күлімсіреп қарағандай әсер қалдыратын. Бала кезде бір күні үлкендерден «осы адамның көзіне не болған?» деп сұрадым. Сонда олар «Ашаршылық кезінде бұл әйел өз баласын жеп қойған, содан жылай-жылай екі көзі солып қалған» деп айтты», — дейді Өтен Ахмет.

Жиында сөз сөйлеген Әлия Әшім Ашаршылық тарихы туралы тың көзқараста деректі фильм түсіруді көздеп отырғанын айтты.

 

«Біз қайғыру, мүжілу сипатында емес, осындай үлкен трагедиядан аман қалып, өмірге деген тың тыныс, құлшыныс тауып, қиындықты жеңе білген рух идеясында деректі фильм түсіргіміз келеді», — дейді ол.

 

«Аштық жайлаған дала»

Осыдан бірнеше жыл бұрын Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың жеке қоры мамырдың америкалық ғалым Сара Камеронның қазақ жеріндегі ашаршылық туралы еңбегін қазақ тілінде басып шығарған еді. Америкалық тарихшы Сара Камеронның “Аштық жайлаған дала. Ашаршылық, озбырлық және Кеңестік Қазақстанды орнату” (The Hungry Steppe. Famine violence, and the making of Soviet Kazakhstan) кітабы сол жылдардың сұмдығы әлі көз алдынан кетпеген Әлжаппар ақсақалдың әңгімесінен басталады.

 

«…Қырып-жоюдың физикалық емес жолдарын қамтитын – саяси, әлеуметтік, мәдени және әлеуметтік озбырлықты да геноцид ретінде бағалайтын түпкі нұсқасына сүйенетін болсақ, онда қазақ ашаршылығын геноцид ұғымына жатқызылуы әбден мүмкін. Ұжымдастыру саясаты арқылы Мәскеу көшпенді өмір салтын – қазақ мәдениеті мен болмысының басты ерекшелігі мен белгісін құртуды көздеді», — дейді кітабында автор.

 

Коллаж: ulysmedia.kz.

Todayinfo.kz

Ашаршылықты Геноцид деген емес жазған кітабын келген көшпенділер неміс Сталиндік ғалымы қорытындыға

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.