Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды – Үкімет басшысы

5 апреля, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақтөбе облысында премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен селекторлық режимде өңірлік штаб басшыларының қатысуымен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті, деп хабарлады Todayinfo тілшісі.

Бүгінде елімізде су тасқынына байланысты күрделі ахуал қалыптасып отыр. Тоғыз өңірде (Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ұлытау) жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды. Тасқын басталғаннан бері су басқан аймақтардан барлығы 19 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды. Болжамға сәйкес, жақын арада бүкіл ел бойынша жауын-шашын болып, күн күрт жылынады деп күтіледі. Қардың тез еруінен су қоймалары толып жатыр. Бүгінде солтүстік, шығыс және орталық аймақтардың 65%-дан астамы әлі күнге дейін қалың қар астында. Сондықтан алдағы уақытта су тасқыны қаупі бар өңірлерде алдын алу шаралары күшейтіліп, ТЖМ-нің қажетті күштері мен құралдары дайындалды.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында су тасқыны салдарынан шаруашылық қызметі бұзылған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің барлығына берілген өтінішіне сай несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру ұсынылатынын баяндады. Сондай-ақ Қаржы министрлігі су тасқынынан зардап шеккен бизнес субъектілері үшін салық есептілігін тапсыруды және салықтарды төлеуді кейінге қалдыруды ұсынады.

Сонымен қатар отырысқа бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысып, су тасқынынан зардап шеккен инфрақұрылымды қалпына келтіруге мемлекетке жәрдемдесуге дайын екендерін мәлімдеді.

Өз кезегінде Олжас Бектенов барлық өңірде әкімдіктердің өтініші бойынша су тасқынына қарсы жұмыстарға қажетті техника мен материалдарды тегін берген құрылыс компанияларына, жол жөндейтін ұйымдарға Үкіметтің атынан алғыс айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша премьер-министр жөндеуге жарамды тұрғын үйлер мен инфрақұрылымның сапасына ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су басқан үйлердің барлығы құжаттардың бар-жоғына қарамастан қалпына келтірілетін болады. Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды. Осындай қиын жағдайда ірі, орта бизнес, сондай-ақ кішігірім компаниялар және елдің тағдырына бей-жай қарамайтын қарапайым азаматтар қол ұшын созып жатыр. Бюджет қаражатына қосымша тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, жоғалған мүлік пен мал шығынын өтеуге бағытталатын қомақты сома жиналды. Мердігер компаниялар осындай қиын жағдайды бизнеске айналдырмайды және барлық қаражат мақсатты түрде жұмсалады деп сенемін, – деді штаб жетекшісі.

Фермерлер мен ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне ерекше назар аударылды. 33 мыңнан астам мал басы қауіпсіз жерлерге көшірілді. Оған қоса, малдың өлім-жітімі бар. Ауыл шаруашылығы министрлігі шығынды өтеу мәселесін шешіп жатыр.

Үкімет фермерлер мен мал иелеріне несиелер мен лизингтік міндеттемелерді кейінге шегеру бойынша қолдау көрсететін болады. Төлемдер кешіктірілген жағдайда айыппұл салынбайды, – деді премьер-министр.

Сонымен қатар штаб отырысында тасқын кезеңіне алдын ала дайындалған өңірлердің бар екені, сондықтан су тасқынының салдары соншалықты жойқын болмағаны атап өтілді. Мәселен, Қарағанды облысында ауқымды судың көлеміне қарамастан, елді мекендерді жаппай су алып кеткен жоқ. 6-7 жыл бұрын ауылдардың айналасында бөгеттер салынып, суды бұратын арықтар қазылған. Мұның барлығы – уақтылы қабылданған қарапайым шешімдер. Ол өз тиімділігін дәлелдеді.

Сондықтан әрбір елді мекен бойынша осы жылдың күзіне дейін жойқын су тасқынының алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Әкімдердің есептері Үкімет отырыстарында тұрақты түрде тыңдалатын болады.

Сонымен қатар облыс әкімдігінде Олжас Бектенов Ахуалдық орталыққа барды. Ахуалдық орталықтың операторлары – 109 қысқа нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталық арқылы халықпен байланыста. 109 ахуалдық орталығына су тасқынына қарсы іс-қимыл басталғаннан бері 15 мыңнан астам қоңырау түсіп, 12 мың 293 өтінім тіркелген. Ахуалдық орталық күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Оған ТЖ және су тасқынына қарсы штаб қызметтері қосылған.

 

баспанасыз басшысы далада Ешкімді Мемлекет қалдырмайды Үкімет

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.