Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Әкімдік барлығына көмектеседі»: Батыс Қазақстан облысында екі жүзге жуық педагогтің үйі тасқын судың астында қалды

9 апреля, 2024 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны басталғаннан бері төрт аудан мен Орал қаласында 192 педагогтің үйін су басты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның ішінде 39-ы – Сырым ауданында, 30-ы – Қаратөбеде, 56-сы – Бөрліде, 35-і – Теректіде, 28-і – Орал қаласында, төртеуі облыстық мекемелерде жұмыс істейді.

Айгүл Әділгерейқызының сөзіне қарағанда, төтенше жағдай жарияланған өңірдің педагогтері аттестаттаудан ҚР Оқу-ағарту министрлігі белгілеген жекелеген мерзімдерде өтеді.

«Тасқын су салдарынан баспанасыз қалған 77 педагогтің аттестаттаудан өтуі келесі жылға ауыстырылады. Білім басқармасы қиындыққа тап болған әріптестеріміз бен білім алушы балаларымызды көмексіз қалдырмай, жан-жақты қолдайтын боламыз», — деді Айгүл Мыңбаева.

Оның айтуынша, көктемгі су тасқынына байланысты Бөрлі, Сырым, Қаратөбе, Теректі аудандарының кейбір мектептері эвакуацияланып, төртінші тоқсанның бірінші аптасы қашықтықтан оқытылды (4132 оқушы).

Қазіргі таңда Теректі ауданы Подстепный ауылындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Абай атындағы мектеп-гимназия-интернаты (207 шәкірт) эвакуациялық пункт болуына байланысты қашықтықтан оқытылуда. Қалған мектептер дәстүрлі форматқа көшірілді.

«Теректі» колледжінде эвакуациялық пункт орналасқандықтан, 163 студент қашықтан білім алуда. Бүгіннен бастап Х.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж бен Орал «Сервис» технологиялық колледжі (2 068 студент) эвакуациялық пунктке жасақталып жатқандықтан, онлайн оқу форматына ауыстырылды. Су тасқынының бастапқы күндері білім беру нысандарында 18 эвакопункт тұрғындарды қабылдап, қызмет көрсетті. Күні бүгін 4 нысанда тұрғындар бар. Эвакуациялық пункттері бар білім нысандарының қызметкерлері уақытпен санаспай, жұмыс жасауда. Онда 4 мезгілден ыстық тамақ ұйымдастырылып, жатын орындармен толық қамтылды», — деді БҚО Білім басқармасыны басшысы Мыңбаева.

Күні бүгін мектеп психологтары эвакопункттерде психологиялық қолдау жұмысын жүргізсе, қосымша білім беру ұйымының педагогтары балаларға үйірмелер ұйымдастыруда.

Сонымен қатар білім саласының қызметкерлері қаржы аудару, өзендердің жағалауын бекіту, тегін тасымал ұйымдастыру, су тасқынымен күрескен қызметкерлерге ыстық шай мен тамақ апару, гуманитарлық көмекті жеткізу және басқа жұмыстарға атсалысуда.

Басқарма басшысы атап өткеніндей, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың балаларын білім мекемелері назардан тыс қалдырмады. Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласы білім мекемелерінің ұжымдары бірігіп, Ақсу және Аралтал ауылының 31 баласына, сондай-ақ Сырым ауданында 103 балаға, Қаратөбеде 104 оқушыға және 9 мектепалды даярлық сыныбының тәрбиеленушілеріне толықтай қажетті оқу құралдары мен киім-кешектерді алып берді.

Президент әкімшілігінен, еріктілер қорынан, «AMANAT» партиясынан, жеке кәсіпкерлер мен ұжымдардан, ауыл тұрғындарының өзінен балаларға қажетті заттарды алып беруге 7 млн теңгеден астам қаржылай қолдау көрсетілді.

«Су тасқыны кезінде Теректі ауданындағы Подстепный ауылындағы жалпы орта білім беретін мектебінің жертөлесі толықтай суға кеткен болатын. Қазіргі уақытта бұл мектеп түгел тазартылып, қалыпты жағдайға келтірілді. Ақау актілері анықталуда, алдағы уақытта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады», деп түйіндеді А.Мыңбаева.

Еске салайық, БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен аумақтан 185 бала республикалық лагерьлерде  демалады. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардан өтініштер қабылданып жатырғанын хабарлады. Қазіргі уақытта өңірдегі 23 жол учаскесінде көлік қозғалысы тоқтаған.

190нан астам басты Батыс облысында педагогтің су Қазақстан үйін

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтедім

БҚО Қытаймен әріптестікті күшейтті: жалпы құны 134 млрд теңге болатын 14 меморандумға қол қойды

Ақмоладағы Серафимовка ауылында сумен жабдықтау жүйесіне жөндеу жұмыстары аяқталды

Алматы облысында 1000 түйеден құралған керуен Гиннес рекордын жаңартты

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.