Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • «Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Журналист Думан Мұхаммедкәрім тергеу изоляторында аштық жариялады

16 апреля, 2024 Саясат
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Коллаж: ulysmedia.kz.

Адвокат Ғалым Нұрпейісов Ulysmedia.kz журналисіне Мұхамедкәрім аштықты 13 сәуірден бастап жариялағанын хабарлады.

Қорғаушының айтуынша, белсенді тергеу мен сот ісінің созбалаңға салынуына қарсылығын осылай білдірген.

Қонаевтағы сот

Бұған дейін Талдықорғандағы уақытша изоляторда болған журналист Қонаевқа жеткізілген. Думан Мұхаммедкәрімді қолдап елдің бірнеше өңірінен белсенділер келген. Әлеуметтік желілерде бірнеше адам сот ғимараты алдында тікелей эфирге шығып, болған жайттың видеосын таратты.

Сот өкілдері «залда бос орын жоқ» деген себеппен журналист Думан Мұхаммедкәрімнің жақтастарын ішке өткізбей қойған. Masa.mediaның хабарлауынша, полиция мен арнайы жасақ оларды сот ғимаратынан күштеп шығарып тастаған. Ал журналистерді сот залына емес, монитор қойылған өзге бөлмеге кіргізген. Арнайы жасақ судья рұқсат етсе ғана журналистерді процеске кіргізетінін айтқан.

Сот процесі барысында прокурор істегі куәнің жеке басының қауіпсіздігіне байланысты процесті жабық өткізуді сұраған. Судья бұл өтінішті мақұлдағн. Қорғаушы бұған қарсы болды, олар соттың ашық өтуін талап еткен. Азаттықтың хабарлауынша, Думан Мұхаммедкәрім «Сотқа сенім білдіресіз бе?» деп сұраған судьяға «Менің үкімім шығып қойған. Менде таңдау жоқ» деп жауап қатқан. Қорғау тарабы бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыруды сұраған, бірақ сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

– Қазір біз арыздарды прокурорға да, судьяға да тапсырдық. Осы жабық түрде өткізген сот, демек билік қорқып жатыр. Думан тарапынан ешқандай заңбұзушылықтар жоқ. Егер қылмыс болса, бұл жерде ашық түрде көрсетер еді, – дейді журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов.

Думан Мұхамедкәрім жайлы

Думан Мұхаммедкәрім былтыр мәжіліс депутаттығына кандидатурасын ұсынған. Алайда оны кандидат ретінде тіркемеген.

Былтыр 19 наурызда өткен мәжіліс сайлауының нәтижесіне қарсылық білдіріп, жұртты жаппай митингіге шақырғаны үшін 25 тәулікке қамалды. Артынша, оны қамау мерзімі тағы ұзартылып, кейін үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Журналист бірнеше айдан бері түрмеде отыр. Бірнеше рет аштық жариялады.

Ол 2023 жылдың маусымынан бастап қамауда болды. Оған Мұхтар Әбіләзовпен сұхбаттан кейін «экстремизмді қаржыландырды» деген айып тағылған еді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар журналисті «саяси тұтқындар» тізіміне енгізген.

Таяуда Human Rights Watch халықаралық ұйымы журналист Думан Мұхамедкәрімге қарсы істі тоқтатуға шақырған еді.

Дереккөз: ulysmedia.kz

аштық Думан жариялады журналист изоляторында Мұхаммедкәрім тергеу

Оқылып жатыр

Тағы бір елдің президенті жастар көтерілісінен кейін елден қашып кетті

Путин Әлиевке AZAL ұшақ апатына кінәсін мойындады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың АҚШ-тағы кездесуінің фотосуреті жарияланды

Билік үні қалай өзгерді: Назарбаевтан Тоқаевқа дейінгі саяси дискурстың трансформациясы

Саяси күштер өзгеріске дайын ба: Елдегі 7 партия жарғысындағы идеологиялық бағыттарға шолу

Қазақстан — Ресей мен Украина арасындағы соғыста делдал емес: Тоқаевтың мәлімде жасады

Соңғы жазбалар

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің халықаралық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.