Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Арыс қаласында өндірістік өнім көлемі соңғы үш жылда 23 пайызға көбейген

11 Мамыр, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Түркістан облысында онтандық өнім өндірушілердің саны айтарлықтай артты. Тек соңғы үш жылдың өзінде Арыс қаласындағы өнім көлемі 23 пайызға жетіп, 56 миллиард тегеге жеткен, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс кестесіне сәйкес Арыс қаласы тұрғындарымен кездесті. Облыс басшысы атқарылған жұмыстарды баяндап, әлі шешімін таппаған өзекті мәселелерді қозғады. Мемлекет басшысының инвестиция тарту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, су үнемдеу технологиясын енгізу жөнінде тапсырма бергеніне тоқталған облыс әкімі осы бағыттарда жұмыс жанданатынын айтты. Арыстың ажарын ашып, инфрақұрылымы мен әлеуетін көтеретін жұмыстарды баяндады.

– «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Арыс қаласында 2023 жылы 5 елді мекенде 947 млн. теңгеге 11 жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Жиделі, Ақдала елді мекендерінде Мәдениет үйінің, Қожатоғай елді мекенінде спорт залдың құрылысы, Атамекен, Сырдария елді мекендерінде 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 5 елді мекенде 730 миллион теңгеге 8 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 770 миллион теңгеге 131 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге жолданған жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында 2023 жылы 17 маманға 6 миллион теңге бір реттік көтерме жәрдемақы, 5 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 26 миллион теңге көлемінде бюджеттік несие берілді, – деді  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Дархан Сатыбалды Арыста өндірісті дамытып, зауыттар ашуға мүмкіндік мол екенін, осы бағытта жұмыстар қызу жүріп жатқанын жеткізді. Арыста жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 23 пайызға өсіп, 2023 жылы 56 миллиард теңгеге жеткен.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 36 пайызға өсіп, 2023 жылы 6 мыңға жетсе, олардың өндірген өнім көлемі 75 миллиард теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 34 пайызға өскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылы 9 млрд. теңгеден асып, жоспар 1,3 миллиард теңгеге артығымен орындалды.

Кездесуде Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың есебі тыңдалды. Облыс әкімі қала әкімі мен басқарма басшыларына Арысқа тартылған инвестиция көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығын жандандыру, ауыз су, газ және өзге де мәселелерді шешу жөнінде тапсырма берді.

«Тұрғындар тарапынан өткір мәселелер қозғалып, сұрақтар қойылды. Сонымен бірге облыс әкімінің жеке қабылдауында да мәселелер легі тоқтаған жоқ. Тұрғындар әкіммен еркін пікір алмасып, өтініш пен ұсыныстарын жеткізе алды. Ол мәселелер Дархан Сатыбалдының қадағалауына алынды», -делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Арыс қаласы Дархан Сатыбалды кәсіпкерлік Түркістан облысы өндіріс

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025

«КешYou-ге» барсаң жоғаласың»: Мейрамбек Беспаев жас әншіге Баян Алагөзованың тобына бармауға кеңес берді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.