Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматыда алаяқтар зейнеткердің үйін өз атына аударып алған

14 Мамыр, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 «Алаяқтар жалғыз баспанамды тартып алды». Осылай деген алматылық зейнеткер үйін өртеп жібермек болды, деп хабарлады Алматы арнасы.

66 жастағы азамат ұйымдасқан бір топ адамның өзін алдап, жалған нотариусқа апарғанын айтады. Енді сот орындаушылары үйді босатсын деп қыстап жатыр екен. Бәлеге қалдым деген ақсақал әділ тергеу өтіп, үйімді қайтарып алсам дейді.

Жалғызбасты зейнеткер ойланбай от бастым, отбасымның ұйытқысы болған баспанамды бәзбіреулер алдап, атына аударып алды деп кейіді. Ол аздай дүние-мүлкімді де сеніміме кіріп алып, сауатсыздығымды пайдаланып, алып кетті дейді. Енді күні кеше сот орындаушылар келіп, үйді босат деген көрінеді. Ал мына бейнежазбаны сол күні куәгерлер түсіріп алыпты.

«Үйдің ішіндегі заттың бәрін жинап, тиеп қойды. Шығарып алып кетеміз деп. Сол кезде өзімді өлтіремін дедім. Үйді алып алған адамдар қашып кетті», – деді арызданушы Әбдуәли Тохтаниязов.

Қарияның қорғаушылары «Құжат тілін меңгерген әккілер зейнеткерді ұзақ уақыттан бері назарға алып, зерттеген» деген пікірде. Олардың сөзінше, бұл іске арызданушының азаматтық некедегі әйелінің де қатысы болуы мүмкін. Азаматтардың айтқанына сенсек, ол мұрагерлікке қалған қомақты қаржыны алу үшін үйді кепілге қою керек деп, азаматтың басын айналдырған көрінеді.

«385 мың доллар мұрагерлік ақша қалдырылды деген мәліметті бұл кісілерге тек қолхат ретінде компьютерден шығарып берген. Негізі ол жалған ақша, ондай ақша жоқ. Кейін ол жерге іздеп барса, ешқандай да нотариус жоқ, олар бір бөлмені жалдаған болса керек», – деді адвокат Гүләйым Шынтаева.

Ең сорақысы, әккілер қария үйді кепілге қойған күні, 55 миллион теңге алдым деп қолхат жазғызып алады. Бірақ оны шағымданушы қалай жазғанымды өзім де білмеймін деп отыр.

Бүгін осы іске қатысты Алатау ауданында үйдің сатып-алу мәмлесіне қатысты қайта қарау сот отырысы өтті. Егер үйді басқа азаматқа аудару кезінде құжаттық қателіктер дәлелденсе, қарияны әзірге үйден қуып шыға алмайды дейді. Бірақ қазір барлық құжаттық дәлел қарсы тараптың пайдасында тұр дейді қорғаушылар. Соны негізге ала отырып сот орындаушылар үйді босатпақ болған.

«Не істеймін мен енді? Өртеймін бәрін. Мен онда қайда барамын? Далаға шығып отыруым керек пе? Алаяқтар менен бөлек 32 адамды алдап кеткен», – деді арызданушы Әбдуәли Тохтаниязов.

Алданғанын кеш аңғарған азамат Алатау ауданы полициясына да арыз қалдырған. О баста іс байбаламға салынып, мүлде қозғалмады дейді зейнеткер. Тіпті тергеуге де шақырылмадым деп отыр. Алайда полиция басқармасы істің назарда екенін айтады.

«Аталмыш дерек бойынша Алатау ауданы ПБ 190-бабының 3-тармағы бойынша яғни аса ірі көлемде  бірнеше  рет алаяқтық дерегін жасау фактісі  бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалық зерттеулер және тиісті тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Зейнеткер маған зиян келтіргендер енді қорқытуға көшті деп отыр. Тіпті, арызыңды қайтып ал деген хаттар да келеді дейді ол. Әзірге қарияға тергеу нәтижесін күтуден басқа амал жоқ.

 

Алаяқтар Алматыда алған атына аударып зейнеткердің үйін өз

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.