Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Бектенов балалар жиі суға кететін өңірлерді атады

18 Маусым, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Балалардың су каналдарында қаза табу жағдайы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында көп тіркеледі. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, оңтүстіктегі суару каналдары адамдарға қауіп төндіріп отыр.

«Каналар мен арықтардың көпшілігінде қоршаулар жоқ. Осыдан бірінші кезекте балалар зардап шегеді. Әсіресе, балалардың каналдарда қаза болу жағдайлары Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында көп тіркеліп отыр. Осыған байланысты аталған әкімдіктер каналдар мен арықтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін шешуге тиіс», — деді Бектенов.

Айтуынша, республикадағы су айдындарында суға кеткен адамдар саны азаймай тұр. Жылына шамамен 200-300 адам адам суға кетеді, оның 100-і – бала.

«Жаз енді басталды. Су айдындарында қайтыс болғандардың, әсіресе балалардың саны көбейіп жатыр. Суға шомылу маусымы басталғалы 20 бала қаза тапты», — деді премьер-министр.

 

Сондай-ақ Үкімет басшысы қайғылы оқиға тіркелген өңірлерге тоқталды:

    1. Астанада Есілді жүзіп өтемін деп жасөспірім қаза тапты.
    2. Қызылордада Балаларды қорғау күнінде бірден 2 бала суға кетті.
    3. Түркістан облысында суару каналында 2 бала көз жұмды.
    4. Каспий теңізінде қараусыз қалған 2 жасар бала суға батып кетті.

Олжас Бектенов мұндай жағдайдың күн сайын тіркеліп жатқанын айтып, шенеуніктерге тапсырма берді.

«Өңірлердегі әкімдіктері осы бағыттағы профилактикалық жұмысты күшейткені жөн. Жүргізілетін патрульдеу санын көбейту қажет. Полиция және ТЖМ қызметкерлері су айдындары маңында балалардың ересектердің қарауынсыз жүру фактісінің жолын кесу керек. Негізінен адамдар суға түсуге арналмаған учаскелерде суға кетіп жатады. Қазір еліміз бойынша суға түсуге арналған 708 орын бар», — деді ол.

Үкімет басшысы биыл жаз ыстық болатынын ескертіп, қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

«Қазгидромет» елдің батысында, шығысында және оңтүстігінде жаздың ыстық болатынын болжап отыр. Осыған байланысты өзендер мен көлдерде демалушылар саны артады деген болжам бар. Бұған дайын болу керек, — деді Олжас Бектенов.

Енді министрлік атқарушы органдармен бірлесіп мобильдік бекеттер санын ұлғайтуы қажет. Кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

Оларға суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету бойынша, суға шомылуға арналған және қауіпті орындар туралы ақпаратты жұртшылық назарына жеткізу бойынша тапсырма берілді. Бұл жұмысқа Ақпарат министрлігі қосылуға тиіс.

 

атады балалар Бектенов жиі кететін суға өңірлерді

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.