Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ақтөбе облысында алтын іздеушілер жерді қабірге дейін қазып тастаған

29 января, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ақтөбе облысында алтын іздгендер кең даланың астаң-кестеңін шығарған. Жер қазғандар тіптен елді қорғаған батырлардың қорымына дейін жеткен, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.

Ал ақтөбелік шаруа қожалықтары бірнеше жылдан бері әділдік ісздеп, шағымданса да алын қазғандардың әрекетін тоқтата алмай отыр. Aqtobegazetiнің жазуынша, дау Хромтау ауданының Қопа ауылында туындап отыр. Соңғы 4-5 жылдан бері бұл өңірге алтын іздеушілер жиі келе бастаған.  Ақпан сайының бойын қазып, техникамен әр жерді үңгіген алтын іздеушілердің әрекеттері сол жердегі шаруа қожалықтарын алаңдатып отыр.  Өйткені ол жерде айтулы батыр Ақпан Келімбердіұлының қорымы жатыр.

«Менің шаруа қожалығым «Ақпан» деп аталады. Өйткені ертеден келе жатқан жердің аты Ақпан сайы болғандықтан, құжатта солай тіркедім. Бірақ бұл жерде Ақпан батырдың қорымы бар екенін кейін білдім. Сонау Маңғыстаудан ұрпақтары келіп,басына құлпытас қойып кетті. Содан бастап бұл жердің тегін еместігін, тарихи орынды жайлап отырғанымды түсіндім. Бірақ алтын іздеушілер жерімді жыл сайын бүлдіріп барады. Мен олармен 5 жылдан бері арпалысып келемін. Олар министрліктің арнайы рұқсатын көрсетеді. Сонда жергілікті тұрғындардың пікіріне құлақ аспай ма? Бұл туралы талай комиссия құрылып, жұмыс тобын әкелуге күш салдым. Бірақ еш нәтиже жоқ, Ертең жерді тапсыратын болсам бүлінген, қазылған жерлердің бәріне мен жауап беремін», — деген еді «Ақпан» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Қарамолдиев.

Шаруалар Прзидент әкімшілігінен бастап жауапты құзырлы органдардың барлығына шағым жазған. «Ақпан» шаруа қожалығының басшысы орын алған жағдайды да шырылдап, жұртқа жеткізген. Біраз уақыт бұрын дау шыққан жерге облыстық Мәдениет архивтер және құжаттама басқармасының өкілдері,  тарихи-мәдени мұраны зерттеу және қорғау орталығының басшысы да барған. Ал құзырлы органдар заңсыз қазылған жерлерді тексеріп, алтын іздеушілерге айыппұлда салған. Бірақ, азғантай айыппұлмен құтылған компанияның адамдары елге ерсі әрекеттерін сол қалпы тоқтапаған.

«Облыс жерінде  республикалық маңызы бар 9 тарихи-мәдени ескерткіш,  облыстық маңызы бар 863 ескерткіш бар. Олар мемлекеттік қорғауға алынған. Сонымен қатар археологиялық зерттеуді қажет ететін 1500-ге жуық қорым бар. Олар алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген. Ақпан батырдың жерленген жері есепке алу тізіміне енгізілді.  Оның мәртебесі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін заңға сәйкес тарихи және мәдени ескерткіштермен бірге қорғауға жатады. Демек, тізімге енген күннен бастап тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесіне ие болады», — деп пікір білдірген еді ді тарихи-мәдени мұраны зерттеу және қорғау орталығының директоры Фархад Досмұратов.

Ал сол маңдағы алтын іздеушілер  барлау жұмыстарын жүргізу үшін портал арқылы заңды рұқсаты бар құжаттарды алға тартқан. Алайда батырдың ұрпақтары жердің бүлінуіне қарсы. Олардың айтуынша, биыл Ақпан батырға арналып кесене салынбақ. Жергілікті әкімдіктен бұл жердің қорғалуын, қоршалуын қамтамасыз етуді сұрап отыр. Ақтау қаласында тұратын батырдың ұрпағы Құралбай Қарабалаев, қорымды қорғау керек деп санайды.

«Ақпан» шаруа қожалығының басшысы Бауыржан Қарамолдиевтің айтуынша, мәселе толық тексерілмей отыр. Олардың сөзінше, бұл істің артында аты жұртқа танымал, кезінде билікте болған лауазымды тұлғалар тұр. Алтын іздеушілер Ақпан сайын бойлап ағатын суды бөгеп, алтын жууға пайдаланған. Кесірінен су ақпай, шаруашылықтың малы сусыз қалған.

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.