Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовпен қалай ажырасқанын айтты

25 Тамыз, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Актриса Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен қалай ажырасқанын айтып, жан сырын ақтарды. Өнер иесі алдымен ата-енесінің алдынан өтіп, олардың рұқсатын алған.

Айгүл Иманбаева ұлы алты ай болған кезде жолдасымен ажырасуға шешім қабылдаған. Өнер иесі ата-енесінің үйіне арнайы барып, жағдайын түсіндіруге тырысқан. Әнші он күн бойы ата-енесінің қасында болып, үйін жинастырып бір-ақ кеткен. Сөзінше, ата-енесі онымен қимай қоштасқан. Ажырасатынын естігенде Әбдіхалықовтың әжесі жылап қалған.

— Балам алты айлық, оны алып, Сәбиттің ауылына ата-енеме бардым. Он күндей үйде болдым. Бірақ барған бойда ажырасатынымды айттым. «Сіздердің баталарыңызды алып кетейін деп едім. Немереңіз міне, қай уақытта десеңіз де алып келуге дайынмын, тек тұра алмаймын» деп түсіндірдім. Содан үлкен әжеміз тірі еді. Сол жылады, «Сәбитпен сөйлесейін, кетпе» деді. Сосын бұл менің шешімім екенін түсіндірдім. Сонымен он күн үйде болып, үйдің бәрін тазалап, әктеп, бәрімен қоштасып кеттім. Атам-анамның үйіне дейін әкеліп тастады. Анам да қой сойып, қонақ етті. Одан бөлек «құдағидың сыбағасы» деп тағы бір қой сойып, беріп жіберді. Міне, солай үлкендердің рұқсатымен ажырастым. Себебі олардан жаманшылық көрген жоқпын. Асылжан қырқынан шыққанша енем қолымды салқын суға салғызбай мені бақты. Әйел болып жамандайын десем, олардың жамандығын көрмедім. Күні бүгінге дейін араласамын, сәлем саламын. Қазіргі жолдасым айтады ғой «Айгүл, мен бұрынғы жолдасымның анасын «мама» деймін, сен ренжімейсің бе» дейді. Сол кезде «осы жерден келісіп алайық, мен де бұрынғы жолдасымның анасын «мама» деймін. Аналардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ, олар ана ғой» дедім. Сөйтіп, екеуміз келісіп алдық. Әлі күнге дейін солай енемді «мама» деймін», — деді Иманбаева «Мамский әңгіме» подкастында.

 

 

ажырасқанын Айгүл айтты Иманбаева Сәбит қалай Әбдіхалықовпен

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.