Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Апатқа ұшырағанда өзінің әндерін тыңдап келе жатты: Мәдина Ералиеваның күйеубаласы әншінің өлімі туралы айтты

6 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Марқұм Мәдина Ералиеваның өмірін қиған жол апатының себебін күйеу баласы Оралбай Әбдіқадыр айтып берді.

Фото: Бағдарламадан скриншот

Осыдан 24 жыл бұрын оқиғаны “Астарлы ақиқат” бағдарламасында есіне түсіріп, күрсініспен еске алды.

“Қонақтардың бәрі Мәдина туралы жылы естеліктерді айтып жатыр. Мен сол күнгі оқиғаны ғана қысқаша айтып берейін. Өйткені оны ескер түсіру маған да қиын. Өйткені мен жанында болдым. 27 қарашада Қазалыдан шықтық. Оразаның бірінші күні еді. Аудан әкімінің үйіне қонаққа келіп, содан бәріміз шыққан едік. Оразада ауыз бекітетін болған соң ешкім ештеңе ішпеді. Шай ішіп, жолға шықтық. Жаңбыр жауып тұрған жоқ, бірақ жердің беті мұз еді. Аудан орталығының МАИ басшысы «Бауырым, сен рөлге отыр» деді. Қасымда Болат пен Мадина бар. Көлікте үш адам болдық. Мадина «Кешке дейін мен өзім айдап барайын, одан кейін екеуің кезектесіп айдайсыңдар» деді. Қарсы болғанымызға қарамай, өзі отырды. Жол бойы тек өзінің ғана әндерін қайта-қайта тыңдап отырды”, – деді марқұмның күйеу баласы.

Айтуынша, машина мұзды жолда тайып, сайға аунап кеткен. Марқұм өнер иес қауіпсіздік белдігін тақпаған көрінеді.

“Мен артқы орындықта отырдым. Сағатқа қарасам, түнгі 2:20 болыпты. Шамамен 20 км жүрдік. Көліктің іші жылы, ән тыңдап отырып, көзім ілініп кетіпті. Мәдина мен Болат әңгімелесіп келе жатты. Бір кезде жолдың ойық тұсы ғой деймін, көлік дірілдеп кетті. Жер шаң болып жатыр екен. Сөйтіп әрі қарай жүрдік. Жоғары жылдамдықпен келе жатыр екен. Бір қарасақ, көлік алға кетті де, шана сияқты сай жаққа аунап түсті. Темір жәшіктің ішіне салып, біреу аунатып жібергендей болды. “Мынау қашан тоқтайды» деп ойладым. Айналып барып, тарс етіп тоқтады. Әуен ойнап тұр, әйнектің бәрі сынған. Тек мен жақтағы кішкентай әйнек сынбапты. Көлікте Мәдина жоқ. Белдік тақпаған. Көлік айналған кезде түсіп қалған ба, оны ешкім білмейді. Айналаны қарасақ, қырлау жерде жатыр екен. Екеуміз жүгіріп келдік. Жүрек соғысы бар екен, дереу көлік тоқтатайық деп ойладық. Дереу жолға шықсам, жасыл түсті Жигули кетіп бара жатыр екен. Жағдайды түсіндірдік те, Мадинаны салонға жатқыздық. “Сен мына заттарды қарап отыр, кейін адамдар жіберемін» деді. Кейін Болат «Мәдина «қара, балама қара» деген бір-ақ сөз айтты» деді. Сондай жазатайым жағдай болды»,– деді Оралбай Әбдіқадыр.

Еске салайық, марқұм әншінің тұрған үйін құрбысы көрсеткенін жазған едік.

 

алды Ералиеваның есіне күйеубаласы Мадина марқұм сәтті тапқан қаза әнші

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.