Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Абай шығармаларын қазақ тілінде жазбаған»

12 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

[Шымкенттік абайтанушы ғалым Ақжол Қалшабектің айтуынша, қара сөздері барын Абайдың өзі білмейді, себебі ол басқаша аталған. Сондай-ақ ғалым ұлы ақын туындыларын қазақ тілінде жазбаған деп мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz Ontustiktv.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарнада хабарланғандай, Абай Құнанбаев өлеңдері мен қара сөздерін қазақ тілінде жазбаған. Алғаш естігенде есеңгіретіп, таң қылған тың ақпаратты Шымкенттік ғалымдар растап отыр. Айтуларынша, Хәкім Абай өз еңбектерін біз оқып жүрген нақышта емес, түркі халықтарына ортақ – шағатай өрнегінде жазған. Түпнұсқаның тайқып, бізге құбылып жетуі – кеңес саясатының қысымынан дейді зерттеушілер. Өйткені Абай шығармаларының түпнұсқасы діни элементтерге толы болған.

«Ей юрагимниң қуаты фарзандларим! Сизларга бираз соз язып, ядгар қалдыраман. Қазір мен өзбек тілінде емес, Абай тілінде сөйлеп тұрмын. Оқып тұрғаным да 38-ші қара сөздің түпнұсқасы. Ғалымдардың зерттеуінше, Хәкім Абай тұтас шығармашылығының басым бөлігін дәп осы шағатай өрнегінде жазып қалдырған», — дейді тілші Қанат Жолдасбек.

«Баһра, Хәттә, Иттихад, Хикмат, Хайат, Кәлләм». Бұл – Хәкім қолданған сөздер. Ақжол Қалшабек – абайтанушы ғалым. Ойшыл мұрасын зерттеп, насихаттаумен келеді. Оның қолындағы парақ – Абайдың жеке хатшысы Мүрсиіт Бікіұлының түпнұсқа қолжазбасы. Зерттеушілер бұл байламға осы жазбаға үңіліп, зерделеу арқылы келген. Тақырыпты терең қаузаған ғалым шәкірті Әзімханмен бірге арнайы кітап даярлапты. «Әуезов һәм Абай» аталатын ол оқулықта Хәкім шығармаларының түпнұсқасы мен қазір біз оқып жүрген түрі салыстыра қаралады.

«Әбдіраһманға жазған өлеңі. Түпнұсқадан оқиын. «Я худай бере гор, тілеген тілекді. Қорықпай орнықтыр, Чочыған юректі». «Ш» әрпінің орнына «ч»-ны қолданады. Шошыған демейді, чочыған жүрекді. «Т»-ның орнына «д»-ны қолданады», — дейді абайтанушы Ақжол Қалшабек.

Оның айтуынша, қара сөздері барын Абайдың өзі білмейді. Өйткені Абай шығармашылығында «Қара сөздер» деп аталатын еңбек жоқ. «Ақыл и китаб» деп аталатын ой-толғамдары 45 емес, 41 болған дейді зерттеуші. Ал шағатай өрнегі түркі халықтарына ортақ байланыс тілі болған.

«Біздің бүкіл хандардың хаттарын оқысаң… Кененсарыны оқисың ба, Абылай хан ба, бәрі осы тілмен жазған. Сөйлескенде қазақша сөйлесе беруі мүмкін, бірақ хат жазғанда шағатай тілінде жазған. Неге? Себебі ол қалыптасқан дәстүр болған. Ерекшелігі – оны өзбек те, қазақ та, қырғыз, түрікмен, татар да оқи береді», — дейді Ақжол Қалшабек.

Абай жазбаған тілінде шығармаларын қазақ

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.