Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қарағандыда балалар аттракционының кабинасы адамдармен бірге құлап кетті

18 Қыркүйек, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қарағандының орталық саябағында балалар аттракционының кабинасы адамдармен бірге құлап кетті. Ішінде әйел мен бала болған. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі Информ бюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Мәліметтерге сенсек, аттракционның ішінде 25 жастағы қыз бен 2 жасар қыз болған. Жедел жеткен медицикалық көмек олардың жарақаты мен көгерген жерлерін таңып берді. Сөйтіп үйлеріне жіберілген. Алдын ала болжам бойынша, карусельдегі гидравликалық шланг шығып кеткен.

Саябақта бірнеше жылдан бері «Тікұшақ» балалар аттракционы жұмыс істеп келеді және осы жерден орын жалдап тұратын кәсіпкердің меншігінде. Алайда иесі байланысқа шықпай отыр.

Қарағанды мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының директорының міндетін атқарушы Ерғанат Бикеновтің айтуынша, маусым басталар алдында мамыр айында барлық аттракцион, соның ішінде тікұшақ техникалық сараптамадан өткен.

«Қазақстанда мұндай сараптама жүргізетін бірнеше компания бар. Тіпті Қарағанды облысында, Теміртаудағы «Теміртау ойын-сауық комбинаты» ЖШС бар. Оның да мұндай қорытынды беруге құқығы бар. Бұл аттракцион балаларға арналған. «Тікұшақ» ол осы фирмадан шығарылған», – деді саябақ басшысы.

Теміртау ойын-сауық комбинатының басшысы да сөйлесуден бас тартты. Карусельдердің қызметін бақылау жергілікті атқарушы органдарға, яғни әкімдіктерге, нақтырақ айтқанда, тұрғын үй инспекциясы бөліміне жүктелген.
Саябаққа келушілердің айтуынша, аттракциондардың сапасы көңілден шықпайды.

Айта кетейік, Қазақстанда карусельдер мен аттракциондардың қызметін реттейтін заң жоқ. 2019 жылғы бірқатар апаттардан кейін аттракциондарды сату кезеңіне дейін ҚР СТ 3359 ұлттық стандарты әзірленді. Бұдан әрі жауапкершілік тек әкімдіктерге жүктеледі.

Қарағандының орталық саябағында болған төтенше жағдайға байланысты полиция «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Кәсіпкер 18,5 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуіне тура келеді. Саябақ басшылығы онымен келісімшартты бұзбақ.

Еске салайық, бұған дейін Астанада адамдар отырған аттракцион үзіліп кеткенін жаздық. Қыз бен жігіт аттрауционға отырып, видео түсірмек болған. Бір сәтте қыздың бойын үрей билеп, қобалжи бастайды. Ал бозбала барынша оны тыныштандыруға тырысып бағып жатыр. Бейнежазбаға аттрацион сымының үзілген сәті түсіп қалды. Артынан аттракционды шұғыл тоқтату дабылы естілді.

 

адамдармен аттракционының бірге балалар кабинасы кетті Қарағандыда құлап

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.