Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Израиль армиясы Ливанның оңтүстігінде құрлық операциясын бастады (видео)

1 Қазан, 2024 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Израиль армиясы 30 қыркүйекте Ливанның оңтүстігінде “Хезболла” ұйымына қарсы құрлық операциясының басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль қорғаныс күштері Ливан жерінде мақсатты түрде рейд бастағанын хабарлады. 

«Бірнеше сағат бұрын Израиль қарулы күштері Ливанның оңтүстігіндегі “Хезболла” ұйымының лаңкестік орындары мен инфрақұрылымына қарсы нақты барлау ақпаратына негізделген жергілікті және мақсатты жерүсті рейдтерін бастады. Бұл нысаналар шекараға жақын ауылдарда орналасқан және Израильдің солтүстігіндегі израильдік қауымдастықтарға тікелей қауіп төндіреді», – делінген хабарламада.

Әскерилер, Израиль әуе күштері мен артиллериясы аймақтағы әскери нысандарға соққы жасау арқылы құрлықтағы күштерге көмектесіп жатқанын айтты.

30 қыркүйекте Израиль, Ливанмен шекараны Хезболла содырларының үздіксіз атқылайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ олар солтүстік аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрлық операциясына дайындалып жатқанын айтты. Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галант соққы жасауды кешке жоспарлап отырғанын жеткізді.

Дүйсенбі күні кешке Израильде әскери министрлер кабинетінің отырысы өтіп, онда “Хезболлаға” қарсы операцияның келесі кезеңі бекітілді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэттью Миллердің сөзінше, Израиль билігі Вашингтонға «бірқатар операциялардың» болатынын алдын ала хабарлады.

«Олар шекара маңындағы Хезболла инфрақұрылымына бағытталған шектеулі операциялар өтетінін айтты», – деді ол.

Пентагон АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин, «шекараның екі жағындағы бейбіт тұрғындардың өз үйіне қауіпсіз оралуын қамтамасыз ету үшін дипломатиялық шешім қажет» екенін айтты.

Шекара маңына әскери техниканың шоғырлануы

30 қыркүйекте Йоав Галант Ливан шекарасына жақын жерге әскерилерін жинап, “Хезболла” жетекшісі Хасан Насралланың көзін құрту маңызды қадам болғанын айтты.

“Солтүстік тұрғындарын аман-есен үйлеріне қайтару үшін барлық мүмкіндігімізді және сіздерді пайдаланамыз», –деді Галант.

CNN басылымының мәліметігше, Израильдің 100-ге жуық әскери техникасы, танктер мен жаяу әскерлердің жауынгерлік машиналары Ливанмен шекараға жақын маңға орналастырылды.

Ал «Хезболла» жетекшісінің орынбасары Наим Кассем топтың Израиль шабуылына дайын екенін айтты. Ол ұйым басшысы Хасан Насралла мен бірқатар жоғары лауазымды қолбасшылардың қазасы ұйым үшін үлкен соққы болғанын жеткізді. Алайда оның әскери мүмкіндіктері күшінде екенін хабарлады.

30 қыркүйек күні кешке Израиль әскерлері Ливанның шекаралас аудандарын атқылағаны туралы ақпарат тарады. Алайда Израиль қорғаныс күштері бұл ақпаратты растамады. Израиль әскерлерінің шекара маңында операция бастағанын Хезболла мен Ливан қауіпсіздік қызметкерлері ғана хабарлады.

Фото: AFP

AFP пен Reuters агенттіктерінің мәліметінше, Ливан армиясы оңтүстік шекарадан бірнеше шақырым жерге әскерлерін орналастырды.

Axios порталының хабарлауынша, Израиль шенеуніктері Ливанмен шекарадағы операция уақыты мен ауқымы жағынан шектеулі болатынын айтты. Олардың айтуынша, бұл операция Ливанның оңтүстік аймақтарын басып алуды көздемейді.  Алайда шенеуніктер операция қанша уақытқа созылатынын айтудан бас тартты.

Times of Israel газетінің хабарлауынша, Израиль шенеуніктері америкалық әріптестеріне операцияның мақсаты Израильдің солтүстік шекарасындағы Хезболла позицияларын жою екенін айтқан.

Америкалық шенеунік, Израильдің 1982 жылы Ливанға басып кіруін «шектелген операция» ретінде көрсеткенін, оның соңы Ливанның оңтүстігіндегі 18 жылдық оккупацияға айналғанын жеткізді.

«Әскери қысымның дипломатияға ықпал ететінін түсінеміз. Бұл рас. Әскери қысымның қате есептеуге әкелетіні де рас. Бұл күтпеген салдарға әкелуі мүмкін», – деді Мемлекеттік департаменттің өкілі Мэттью Миллер.

Бейрутке жасалған шабуыл

Демалыс және дүйсенбі күндері Израиль Ливандағы Хезболла позицияларына соққы берді. Дүйсенбіге қараған түні Израиль Бейруттың орталығына алғаш рет шабуыл жасады. Соққының салдарынан Палестинаны азат ету халықтық майданының үш жетекшісі, соның ішінде «Палестинаны азат ету халықтық майданы» қауіпсіздік қызметінің басшысы Мохаммад Абдель-Аал қаза тапты.

Фото: Anadolu

Дүйсенбі күні кешке «Хезболла» нысандары орналасқан Бейруттың оңтүстік шетіндегі аймақтар тағы да Израиль әскерлерінің соққысына ұшырады.

Бейруттағы BBC тілшілері, Бейруттың оңтүстігінде кемінде алты соққы жасалғанын хабарлады.

«Бейруттың оңтүстік бөлігіне алты-жеті израильдік соққы жасалды», — деп хабарлады БАҚ.

Бұған дейін Израиль қорғаныс күштері Ливан астанасының оңтүстіктегі үш ауданының тұрғындарын дереу эвакуациялауға шақырған.

«Сіздер «Хезболла» лаңкестік тобына тиесілі нысандардың қасында тұрсыздар. Ооларға қарсы Израиль қарулы күштері шешуші шара қолданады. Өзіңіздің және отбасыңыздың қауіпсіздігі үшін бұл ғимараттардан кемінде 500 метр қашықтықта эвакуациялауыңыз керек», — деп жазды Израиль қорғаныс күштерінің өкілі Авичай Адрай.

Нетаньяху Иран халқына үндеу жасады

30 қыркүйекие Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху билігі ливандық Хезболла, палестиналық Хамас және йемендік хуситтерді қолдайтын Иран халқына бейнеүндеу жасады.

Нетаньяху Иран басшыларының Газа секторы мен Ливанды қорғау туралы сөз жүзінде айтатынын мәлімдеді. Дегенмен күн сайын соғыс қаупі артып жатқанын айтты.

«Таяу Шығыста Израиль қол жеткізе алмайтын жер жоқ. Халқымыз бен елімізді қорғау үшін біз бәріне барамыз. Иран бұрын-соңды болмағандай гүлденеді. Кішкентай фанаттық теократиялық топтың арманыңыз бен үмітіңізді талқандауына жол бермеңіз. Иран халқы Израильдің үнемі бірге екенін білуі керек. Біздің болашағымыз бейбіт және гүлдене береміз», — деді Нетаньяху. 

Босқындар ағыны

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі комитетінің мәліметінше, Израильдің Ливанға әуе шабуылдары басталғаннан бері елде тұратын 100 мыңға жуық ливандық және сириялықтар көршілес Сирияға эвакуацияланған.

«Босқындар ағыны ешқашан тоқтамайды», – деп жазды босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар Филиппо Гранди.

Лондон әуежайларына Ұлыбритания азаматтығын алған жүздеген ливандықтар келіп жатыр. Көпшілігі үйлеріне енді орала алмайтынын айтқан.

Фото: Reuters

«Жағдай күн санап шиеленісіп барады. Негізі Ливанда қауіпсіз аймақ жоқ. Кез келген аймаққа шабуыл жасап, соққы беруге болады», — деді ливандық Натали Кессервани.

Ливандықтардың айтуынша, Бейрут әуежайы жұмыс істеп тұр, бірақ елден кеткісі келетіндер саны жергілікті авиакомпаниялардың мүмкіндігінен әлдеқайда көп. Өйткені көптеген шетелдік компаниялар Ливанға ұшуды тоқтатқан.

«Адамдар әуежай қақпасында, әуежайдың алдында ұйықтап жатыр. Неге екенін білмеймін. Мүмкін олардың басқа барар жері жоқ шығар немесе олар келесі рейсті күтіп жатыр», — деді Бейруттан Лондонға ұшқан жолаушылардың бірі.

 

армиясы бастады ВИДЕО Израиль Ливанның операциясын оңтүстігінде құрлық

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.