Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Дәрігерлер қателігі: Жамбыл облысында босануына бір ай қалған әйел ауруханада көз жұмды

14 Қазан, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Жамбыл облысы Жуалы ауданының аурханасына токсикозбен түскен Айгүл Айтуғанқызы 12 күн ауруханада жатып көз жұмған. Жақындары оның дәрігердің қателігінен болды деседі. Қазір олар сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтіп отыр, деп хабарлайды Todayinfo Время басылымына сілтеме жасап

Алайда дәрігерлер марқұмның өліміне өздерінің еш қатысы жоқтығын айтады, ал полиция бұған қатысты ешқандай әрекет етпеген.

Төртінші рет босанғалы отырған Айгүл ауруханаға жүктілігінің 8-айында токсикозының асқынған кезінде түскен. Оны гинекология бөлімінің басшысы Замира Ашилова 8 қаңтарда өз бөліміне орналастырып, «Ксилол» дәрісін жазып берген. Одан кейін әйел күйеуіне «Церукал» препаратын алдыртқан.

— Оған бірнеше рет хабарластым, бірақ тұтқаны алмады. Әдетте олай жасамайтын. Сөйтсем, оның жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырыпты. Үш рет жүрегі тоқтап қалған. Тараздан санавиация шақыртыпты. Ал бұл туралы бізге ештеңе айтпаған, – дейді Айгүлдің күйеуі.

Ол дәрігерлерден бірден емдеу хаттамасын сұраған. Бірақ ешқандай хаттама бермей қойыпты. Кейін «Ксилаттың» токсикозды емдеуге қолданылмайтыны белгілі болды. Ал дәрігерлер ол үш бөтелкенің ашылмағанын айтып, суретке түсіріп жіберген. Оны емдік мақсатта қолданбапты.

— Айгүл ауруханаға түскеннен 12 күннен соң қайтыс болды. Оны гинеклогтан басқа дәрігер қараған жоқ. Бізге берген алғашқы қорытынды бойынша, «оның асқазанынан нитриттер табылып, уланып қайтыс болды» делінген. Бірақ оның асқазанынан да, қанынан да, басқа дене мүшелерінен де нитрит табылмады. Аудандық ауруханадағы медицина қызметкерлері дұрыс ем-дом жасамағандықтан сіңлім қайтыс болды деп ойлаймын. Қазір сот-медициналық сараптама жасаттық. Нәтижесін күтіп жүрміз. Үлкен қызы анасының жоғын түсінеді. 8 жастағы қыз есейіп кетті. Сіңлімді 20 қаңтарда жер қойнына тапсырдық. 21-і күні ұлы екі жасқа толды. 4 жастағы қыз екеуі анасын әлі іздейді, – дейді Айгүлдің әпкесі Мәншүк Мамбетова.

Облыстық полиция департаменті Жуалы ауданы орталық аудандық ауруханасында науқастың қайтыс болу фактісі бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты іс Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес («Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соғу») қаралып жатқанын мәлімдеді.

Ал гинекология бөлімінің меңгерушісі Зарина Ашилова осы оқиғаға байланысты сөгіс алған. Зейнетке шығуына орай, ол қызметінен кеткен.

 

ауруханада Жамбыл жүкті жұмды көз облысында әйел

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.