Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге ресми түрде тыйым салды

17 Қазан, 2024 Экономика
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ветеринариялық және фитосанитарлық қадағалау федералды қызметі Қазақстаннан бірнеше ауылшаруашылық өнімдерін, соның ішінде бидайды, жасымықты және майлы зығыр тұқымдарын импорттауға уақытша тыйым салды.

Мәліметтерге сенсек, тауарларды Ресей аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға рұқсат етілген. Бірақ ол үшін тауарларға соңғы елге жіберілетін фитосанитарлық сертификатты рәсімдеу қажет және астықты вагоннан тікелей кеме трюмдеріне тиеу керек.

Қазақстаннан қызанақ, бұрыш, күнбағыс тұқымдары мен қауындарды тікелей транзитпен жеткізуге де толықтай тыйым салынған.

16 қазанда мәжіліс депутаттары Ресейдің осындай шаралары 25 миллион тонна астықтың бұзылуына алып келуі мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар халықаралық келісімдердің бұзылуына назар аударды. Парламент мүшелері бұл мәселеге қатысты үкіметке бірнеше ұсыныспен хат жолдады.

Осы ретте мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров отандық астықтың экспорты үшін Ресейден басқа логистикалық бағытты іске қосуды ұсынды.

«2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Ресей Федерациясы Қазақстанның астығы мен ауылшаруашылығы өнімдерінің Ресей аумағы арқылы өтуіне біржақты шектеулер енгізді. Осы теріс шешімнің нәтижесінде астыққа, дән өнімдеріне, күнбағыс тұқымына, қызанақ, бұрыш және басқа да өнімдерге фитосанитарлық сертификат беру тоқтатылды. Халықаралық келісімдер жайына қалды. Нәтижесінде осындай кедергілер біздің елдің ауылшаруашылығы саласына, жалпылай алғанда экономикамызға салмақ салып отыр. Қазақстандық экспорттаушылар үлкен шығынға ұшырады, вагондар тоқтап қалды, өнімдерді жеткізу мерзімі өтіп жатыр», – деді депутат.

Депутаттың сөзінше, жалпы алғанда келісімшартта көрсетілген міндеттемелер бұзылды.

«Біздің елдің азаматтары сол үшін айыппұл арқалап, қарайған шығынға батып жатқан жайы бар. «Россельхознадзордың» осындай әрекеті биыл жинадық деп жар салған 25,2 миллион тоннаға дейінгі астықтың пайдасын экономикамызға тимеу қаупін төндіріп отыр», – деді мәжіліс депутаты.

Тағы да сападан ұтылып, уақыт жоғалтамыз дейді Айдарбек Қожаназаров.

«Бұл асыра айтылған әңгіме емес, бірақ ала жаздай бел жазбай еңбек еткен диқандардың еңбегі зая кетудің алдында тұр. Қысқасы, «Россельхознадзор» енгізген шектеулері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың талаптарын бұзып тұр. Онымен қоймай Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы тауарлар мен транзиттің еркін қозғалысының басты принциптеріне қайшы келіп отыр», – деді Айдарбек Қожаназаров.

Депутат үкіметтен келесі мәселелер бойынша тез арада шешім қабылдауды сұрады.

«Ресей Федерациясымен ресми келіссөздерді бастау керек. Қазақстандық өнімнің транзитіне негізсіз фитосанитарлық шектеулер жойылсын. Егер «Россельхознадзор» бұл талабымызды орындаудан бас тартса, бұл мәселе Еуразиялық экономикалық одақтың сот алқасында қаралуы қажет. Олай болса біз де қарап отырмайық. Тәуелсіз елміз, өз билігіміз өзімізде. Ендеше Қазақстан арқылы өтетін ресейлік өнімдердің транзитіне тарифтерді қайта қарау керек. Керек болса жоғарыдағы мәселелер шешілгенге дейін көрші елдің тауарларының Қазақстан нарығына кіруін шектеу сияқты қарсы шараларды енгізу қажет. «Россельхознадзордың» әрекеттерінен зардап шеккен қазақстандық экспорттаушылар бар. Өз азаматтарымыздың мүддесін заңмен қорғауды қамтамасыз етуіміз керек. Жетпей қалған тауарлардың кідірісі мен бұзылуына байланысты шығындарды өтеу үшін ресейлік серіктестерге талап қойылсын«, – деді мәжілісмен депутаттық сауалында.

Айтуынша, Қазақстандық өнімнің экспорты үшін басқа да логистикалық бағыттарды іске қосу қажет. Мысалы, Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран және Түрікменстанның қатысуымен тасымалдауды ұйымдастыру қажет деді ол.

«Керек болса өнім тасымалы үшін субсидия қарастырыңыздар. Бұл Ресейлік транзитке тәуелді болудың жолын кеседі. Қытаймен ынтымақтастықты жандандырып, Қазақстан астығы мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға арналған квоталарды ұлғайту мәселесін қарау қажет», – деді Айдарбек Қожаназаров.

Еске салайық, бұған дейін ұлтық статистика бюросы қаңтар-тамыз айларында Ресейден 11,2 миллиард доллардың тауарлары әкелінгенін мәлімдеді. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды өсім 2,1% немесе 231,9 миллион долларға тең. Әсіресе металдар және одан жасалған бұйымдар, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар көбірек әкелінген.

 

бидай Ресей ресми салды тыйым түрде Қазақстаннан әкелуге

Оқылып жатыр

«17 адам байып, елдің 80%-ы кедейленді»: сарапшы доллардың 600 теңге болуы жайлы болжам жасады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға көтерді

Жанармай дағдарысының жаңа толқыны: Қазақстан 2022 жылғы қаңтардың жолына түсе ме?

Қазақстанда бензин бағасы қымбаттауы мүмкін – сарапшылар болжамы

Қазақстандағы доллар бағамы жаңа рекорд орнатты

Барлық қаржы құрылымдары жақында блокчейнге көшеді — сарапшылар

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.