Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Ескі де, жаңа Қазақстанда өз статусын сақтап қалған шенеунік»: әнші Ақбота Керімбекова министр Балаеваға шүйлікті

21 Қазан, 2024 Басты тақырып
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әнші Ақбота Керімбекова министр Аида Балаеваға үндеу жолдап, сахнаға дарынсыз, мәдениетсіз адамдардың шығып жүргенін тоқтатуды сұрады. Ол әлеуметтік желіде танымал болған Мұрат Әбділданың Республика сарайында ән шырқағанын сөгіп, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны да кекетіп өтті, деп хабарлайды Todayinfo.

Әнші министрді «баламасы жоқ» кадрға теңеді.

«Елде небір сорақылықтар орын алып жатыр. Жан алу, қасіретке қасірет жаман беру, ақты қара, қараны ақ деу біздің ел үшін түк емес. Нені, нелерді нұсқап отырғанымды сезіп-ақ отырған шығарсыздар, болашақта ондайларға да селт етпейтін дәрежеге жетеміз-ау… Мәдениет министрі Аида Ғалымқызын көптен танимыз.  Ескі де, жаңа Қазақстанда өз статусын сақтап қала алған шенеунік. Сымбатты, сыр бере қоймайтын әйел. Дипломатиясы мықты деп естиміз. Сала тізгінін екі рет ұстағанына қарағанда, оған балама кадр болмай тұрғаны ғой… Бұл үндеуімді тікелей сол кісіге бағыттағалы отырмын», — деді әнші өзінің видеоүндеуінде.

Оның айтуынша, бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Мұрат Әбділда деген адамның Республика сарайында ән салып тұрған видеосы тарады. Тарихи-мәдени маңызды зор орында түрмеден жуырда ғана шыққан, боғауыз блогердің шығуы қасиетті орынды қорлау деп бағалады.

«Ойлаңызшы, Республика сарайында. Еліміздің тарихи-мәдени маңызды нысанында. Қазақтың мыңдаған таланты сол сахнаға шығуды армандаған, мыңдаған дарынды қазақ сол сахнаға шыға алмай, арманда кетті. Ол жігіт елдің азы мен тозы емес шығар, оның адами кескін-келбетіне тілімді тигізе алмаймын. Бір жағынан қарағанда оның Республика сарайында ән салғаны қылмыс та емес шығар. Бірақ, ағайындар-ау, Республика сарайының сахнасы — Роза Бағланова секілді аңыз адамның маңдай терімен салынған, тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап ұлт тағдыры шешілген, ең маңызды тарихи шешімдер қабылданған, бірнеше күннен кейін тойланғалы тұрған Республика күнінің негізі болған тәуелсіздік деклорациясы қабылданған қасиетті орын емес пе еді?», — дейді әнші.

Ақбота Керімбекованың айтуынша, ол сахнаға шығу үшін мың есе лайықты әрі таланттырақ адамдар бүкіл тағдырын арнап өткен.

«Біздің өзіміз музыка мектебінде оқып, өнер академиясында кәсіби дағдымызды қалыптастырып, 30 жылға жуық тынымсыз еңбек етіп келе жатсақ та, тіземіз дірілдеп, зорға шығамыз. Өзімізге сенімсіздіктен емес, кішкентайымыздан жадымызда қалыптасқан киелі сахнаға деген құрметімізден. Жалпы айтқанда, ол сахна — мемлекеттің мінбері, ұлттың негізгі трибунасы, өте маңызды орын ғой. Енді сол ұлттық мінберге шыққысы келгеннің бәрі шыға бере ме?! Осы шенеуніктер өздеріне келгенде құқық талап еткіш, ар сақтағыш, дәл солай неге мемлекеттің бас сахнасын сақтамайды?! Мәдениет саласының ары да, намысы да — сахна. Сахнаға шығарған адамына, сахнада көрсеткен дүниесіне қарап саланың деңгейін көруге болады», — дейді ол.

Эстрада әншісі өнерге қатысы жоқ адамдар ән айтамыз десе, Республика сарайынан басқа орын толып жатыр дегенде алға тартып отыр.

«Дарынсыз, өнерсіздерге сахнадан, оның ішінде Республика сарайынан басқа да ән салып, әуселе қоятын жер жетіп артылады ғой Қазақстанда. Біздің кейбір әріптестер ел айтып жүргендей, «әртіс десе, әртіс». Оларға бәрібір… Осы жолы да «сен тимесең, мен тиме» болып отыра беретін шығар… Сахнаға қоймен шығарса, бірге маңырап тұра беретіндей… Арланбайды», — дейді Ақбота Керімбекова.

 

Ақбота Керімбекова Балаева блогер Мұрат Әбділдә сахна әнші

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

Kaspi қалай халықтың қалтасын қақшудың шеберіне айналды?!

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Қарияны зат сияқты лақтырған»: Алматыда Қарттар үйіндегі адамға қызметкер адамшошырлық қатігездік көрсеткен

Иранда су таусылды. Қазақстанда да осындай жағдай қайталануы мүмкін бе?

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.