Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Сөз өнерінің сардары: Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовтің құрметіне мемориалды тақта ашылды

27 Қазан, 2024 Руханият
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматыда Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына орай мемориалды тақта ашылды, деп хабарлайды Todayinfo.

Ескерткіш тақта жазушы тұрған Төлебаев көшесіндегі 156 үйге орнатылды. Салтанатты іс-шараға Шұға Нұрпейісова, Кәрім Нұрпейісов, жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сондай-ақ қаладағы Достық үйінде «Әлем таныған Әбдіжәміл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Оған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, ТҮРКСОЙ бас хатшысы Сұлтан Раев, түркі мемлекеттері Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы Смағұл Елубай, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Оразалин, театр және кино актері, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов және тағы басқалары қатысты.

Аида Балаева президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

— Сөз өнерінің сардары саналы ғұмырын ұлтының дүниетанымын байытуға арнады. Әдебиет әлеміне құбылыс болып енген сұңғыла суреткер қазақ прозасына ерекше қолтаңбасын қалдырды. Көзі тірісінде-ақ классик атанған жазушы қаламгерлердің жаңа буынына үлгі-өнеге көрсетіп, өзіндік мектебін қалыптастырды. Әбеңнің әр туындысынан туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігі айқын көрінеді. Оның «Қан мен тер», «Соңғы парыз» секілді романдарын өз заманының айнасы деуге болады. Арал арқылы қазақтың, қазақ арқылы барша адамзаттың мәселесін көтерген бұл шығармалар – әлем өркениетіне қосылған құнды қазына, – деп жазылған құттықтау хатта.

Сондай-ақ министр қаламгерді еске алуға арналған іс-шараның маңызына тоқталды.

— Президент атап өткендей, Әбдіжәміл Нұрпейісов – қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген тұлға. Бұл сөзімізге оның шет тілдерге аударылған шығармалары, әлем оқырмандарының жоғары бағасы дәлел бола алады. Бүгінгі конференция жазушының шығармашылығын жаңа қырынан зерделеуге жол ашады деген үміттемін, – деді Аида Балаева.

 

 

Алматыда ашылды мемориалды Нұрпейісовтің тақта құрметіне Әбдіжәміл

Оқылып жатыр

«Балаларға ырым-тыйымдар үйретілмейді»: құқықтық сауаттылықтың қайнар көзі назардан тыс қалған

Қазақтілді кино қайраткерлері жүйелі түрде назардан тыс қалып отыр ма?

«Есікті ит те күзетеді, арбаны есек те сүйрейді»: Омар Жәлел күзетші, арбакештердің намысына тиді

«Ақысын төлесе, боқысын шығарады»: Ерлан Төлеутай қазақтың дәстүрін арабқа теліген Әлия Әшімнің жалдамалы блогер екенін жазды

Кенесарының шөпшегі Шәді төре һәм жиені Шәмші Қалдаяқов

Туннельдің қазақша атауы табылды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.