Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 16 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысының өзекті мәселелермен танысуға арнайы келді

31 января, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Мақтаарал, Шардара, Отырар және Бәйдібек аудандарын аралады. Бірқатар нысанның жұмысымен танысып, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Казыбек Бедебаев  су нысандарында атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарларды баяндады.

Алдымен, министр Мақтаарал ауданындағы орталық «Мырзашөл» қашыртқысының (ЦГК) жағдайымен танысты. Қазақтан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан егістік алқаптардан шығатын дренажды суларды қашыртқылауға арналған нысан 1930 жылы пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 84,7 шақырымды құрайды. Оның ішінде еліміздегі үлесі – 56,15 шақырым (Мақтарал – 26,85 шақырым, Жетісай – 29,30 шақырым). Су өткізгіштік қабілеті – 120,0 м3/сек. Қазақстан аумағынан жылына шамамен 122,0 млн. м3 дренажды сулар «Мырзашөл» қашыртқысына тасталады.

Мақтаарал ауданында Нұржан Нұржігітов өңір тұрғындарымен кездесіп, пікірлесті. Жиында салаға қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, сұрақтарға жауап берілді.

Жұмыс сапары Шардара ауданындағы «Шардара» су қоймасында жалғасты. Министр нысанның техникалық жағдайымен танысып, шаруалармен кездесті. Бұл су қоймасының сыймдылығы 5,2 млрд.м3 болса, өткізгіш қабілеті – 2 927 м3/сек. Бөгеттің ұзындығы – 5 шақырым.

Сонымен қатар министрге 2011 жылы пайдалануға берілген «Көксарай» су реттегіш нысанының техникалық жағдайы таныстырылып, өзекті мәселелері айтылды. Нысанның  жалпы  жобалық су көлемі 3,0 млрд.м3. КСР кешеніне кіретін нысандардың техникалық жай-күйінің беріктігі төмендеген. Қазіргі таңда ыза суының көп мөлшерде шығуына байланысты 1,5 млрд.м3-тан артық су жинау мүмкіндігі жоқ. Мәселені шешу мақсатында ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті тапсырмасымен  ЖСҚ әзірленді. Жобаны 3 кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда.

Осы күні Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Отырар ауданына іссапармен барып, «Алтын Дала Мақта» мақта өндеу зауытының жұмысын бақылады. Шетелдік инвестор Сюй Цземен кездесіп, жоспарларын тыңдады. Инвестор Түркістан облысында мақта өсіру және мақта-тоқыма кластерін құру бағытында бірқатар жобаны жүзеге асыруға ниетті. Ол 47,6 млрд.теңгеге су үнемдеу технологиялары арқылы мақта дақылын өсіру жобасын қолға алып, 750-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отыр. Сонымен қатар Отырар ауданында 3 зауыттың құрылысы басталды. Нақтырақ айтқанда, 2 мақта өңдеу зауыты және тамшылатып суару жүйесін шығаратын кәсіпорын салынады. Одан бөлек, мақта кластерін құру жобасы аясында «Түркістан» арнайы экномикалық аймағында 5 зауыт құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, жіп иіру, мата, бояу және әрлеу, тігін фабрикалары мен ПВХ құбырларын өндіретін кәсіпорны ашылады. Жалпы инвестиция көлемі – 57,0 млрд.теңге. Нәтижесінде, 2900 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Сондай-ақ министр Бәйдібек ауданына барып, «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысымен танысты. Нысанның құрылыс жұмыстары – 40%, апаттық ағытушы каналдың жұмыстары 90% орындалған. Құрылыс басында 60 жұмысшы, 30 техника жұмыс атқаруда. Жоба аяқталғанда каналдың бойындағы 9,7 мың гектар суармалы жер тұрақты ағын сумен қамтамасыз етіледі. Су қоймасы Балабөген және Үлкен бөген өзендерінің қиылысқан жерінен салынады.

Өңірде атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Нұржан Нұржігітов аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына жұмыс қарқын бәсеңдетпеуді тапсырып, нақты міндеттер жүктеді.

аудан Бәйдібек Мақтаарал Нұржан Нұржігітов Отырар Түркістан облысы Шардара

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.