Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Жетісуға жеті жол: биыл 53 ауданның тұрғындары жаңа жолдың қызығын көреді

5 февраля, 2025 Аймақ
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Биыл Жетісу облысында 152 шақырым жол мен 53 елді мекеннің ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.

Соның ішінде 5 көпірді қайта жаңғырту, 1 көпірді орташа жөндеу, Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 15 км жолдың реконструкциясы, «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» жолының 35-110 км учаскесінің жаңғырту жұмыстары, елді мекендерге кіретін жолдар, ішкі жолдар, жобалар бар.

Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне қарағанда, Жетісу облысы құрылғаннан бері 2023-2024 жылдары облыстық маңызы бар 391,4 км жол және 134 елді мекеннің ішкі көшелері жөнделген. Мәселен, 2024 жылы республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары қайта жаңартылып, «Талдықорған-Үшарал» (313 км), «Лепсі-Балқаш көлі» (27 км), «Сарыөзек-Көктал» (45-68 км) «Жаркент-Қорғас» (328-360 км), «Үштөбе-Көпбірлік» (78 км) бағытындағы ірі жобалар пайдалануға берілді. Сөйтіп жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы обылыстық маңызы бар автожолдардың үлесі 94%-ға жеткізілді.

«Ал биыл өңірде 152 шақырым жолға, 53 елді мекеннің ішкі жолдарына жөндеу жасалады деп межеленген. Сондай-ақ, осы жылы республикалық маңызы бар жолдардың «Үштөбе – Кәлпе» және «Сырымбет – «Тау Жетісу» бағытындағы 2 учаскесіне қайта жаңарту және орташа жөндеу жасалады. Күрделі жөндеу шеңберінде «Сарыөзек – Көктал» автожолындағы Көнбе өзенінен өтетін жаңа көпір салу, «Сарыөзек станциясын айналып өту» автожолының жол құрылымын күшейту және ұзындығы 21 км (Мұқыры асуы учаскесі) «Қонаев – Талдықорған» автожолының жол жабынын қайта жаңарту жоспарда бар. Сонымен қатар осы жылы «Алматы облысының шекарасы — Сарыөзек кенті» (13 км), «Сарыөзек – Көктал» (112 км) және «Айдарлы-Көктал» (15 км) бағытындағы жолдар желісіне орташа жөндеу жұмыстары өткен жылдан өтпелі жоба ретінде жалғасады», — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Жолдардың нормативтік жай-күйін сақтау мақсатында автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда. Облыс бойынша осындай 8 станция қойылды. Олардың 6-ы республикалық трассаларда, 2-еуі облыстық маңыздағы жолдарда орналастырылған. Мұндай станциялар жүк көліктерінің салмағын автоматты түрде өлшеп, белгіленген шектен асып кетпеуін қадағалайды», — делінген басқарманың хабарламасында.

Атап өтсек, өткен жылы өңірде автомобиль жолдарында 24,0 млн. жолаушы тасымалданып, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 8% жуық өскен. Жолдардың сапасы жақсаруына қарай биыл да бұл көрсеткіш арта түседі деп жоспарланып отыр.

«ҚазАвтожол» ҰК» АҚ ақпаратына сүйенсек, жолдардың күтімі бойынша өңірдегі республикалық маңызы бар қолданыстағы 873 шақырым жолға қысқы күтім жасалды. Бұл жұмыстарға 72 бірлік меншікті және 10 бірлік жалгерлік техника тартылды. Быиылғы қысқы кезеңде көктайғаққа қарсы материалдың қажетті қоры дайындалды. Оған қоса айта кетсек, 2023 жылдан техника паркін толықтыру жұмыстары басталды, яғни бүгінгі күні мұндағы техника саны 59-ден 72-ге ұлғайды.

Жалпы облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы
3 988 км құрайды. Соның ішінде республикалық маңызы бар – 1 034 км, жергілікті маңызы бар — 2 954 км.

Жетісу жол

Оқылып жатыр

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.