Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматы облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды (видео)

13 февраля, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Видеодан скриншот

Алматы облысында бопсалау және тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Талғар ауданында қорқытып алумен және тонаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды. Тергеу барысында қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы Қайназар ауылының 19 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

«Ол өз сыбайластарымен бірге құрбандарын әлеуметтік желі арқылы іздеп, оларды қитұрқы әрекетке түсірген. Қылмыстық топтың құрамында 17 жастағы қыз болған. Ол құрбандарымен танысып, кездесуге ұсыныс жасап, олардың сеніміне кірген. Алайда бірер уақыттан соң кенеттен өзін «ағаларымыз» деп таныстырған бір топ жігіт келіп, жәбірленушіні қорқыта бастайды. Қаскөйлер жалған айып тағып, жыныстық қатынасқа қатысты айыптаулар арқылы ақша талап еткен. Кей жағдайларда күш қолданудан да тайынбаған», — делінген хабарламада.

Олар жәбірленушілердің бағалы заттары мен құжаттарын тартып алып, қомақты қаражат аударуға мәжбүрлеген. Осылайша 6 ақпанда қылмыстық топтың құрбаны 24 жастағы Алматы тұрғыны болған. Оны бопсалаушылар күштеп ұстап, жеке құжаттары мен көлік құжаттарын тартып алған. Сондай-ақ, 100 000 теңге аударуды талап еткен. Бұған қоса олар жәбірленушіні қорқытып, тағы 1,4 миллион теңге беруге мәжбүрлемек болған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың барлық мүшелерін анықтап, ұстады. Олардың үстінен бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жалпы саны жеті адам полицияға жеткізілді, оның төртеуі негізгі күдікті ретінде уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жалғасып, олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», – деп хабарлады облыстық полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары қылмыстық топтың өзге де құрбандары болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Осыған байланысты зардап шеккендер болса, полицияға хабарласуын сұрайды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ІІМ Алматы облысы қылмыстық топ

Оқылып жатыр

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.