Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны
  • «Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)
  • Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр
  • Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті
  • Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған
  • «Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр
  • «Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 15 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Әли Оқаповтың «Құрмет» орденіне қатысты дау: Акерке Бүркітбай отбасындағы жағдайды баяндады

21 февраля, 2025 Шоу бизнес
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Әйгілі әнші, Халық әртісі Роза Рымбаеваның келіні – Акерке Бүркітбай жары Әли Оқаповтың 2023 жылы «Құрмет» орденімен марапатталуы кезінде отбасында орын алған қиын жағдай туралы айтты. Оның айтуынша, бұл оқиға қоғамда үлкен дау туғызып, отбасы үшін ауыр кезең болды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.

Акерке Бүркітбай бұл тақырыпқа Тимур Балымбетовке берген сұхбатында тоқталды. Ол марапаттау сәтінен кейін басталған қоғамдағы айыптаулар Әли Оқаповқа үлкен психологиялық ауыртпалық түсіргенін жеткізді.

«Тимур, сенің үйіңде отырғанда бәріміз Әлиді құттықтадық. Ертеңіне дау басталып кетті. Өзіміз де қорқып кеттік. Кореяда осындай шудан көп әртіс өзіне қол жұмсап жатыр. Әлидің сол кездегі ішкі арпалысын біз сырттай көрдік. Қолымыздан келгенше, жанында болып, қолдауға тырыстық. Өте қиын кезең болды», – деді әнші.

Оның айтуынша, бұл жағдай тек Әли Оқаповқа ғана емес, Роза Рымбаеваға да ауыр соққы болған. Әншінің анасы қоғам тарапынан көптеген ауыр сөз естіген.

«Халық әртісі болмаса да, ешбір ана өзінің баласы үшін ондай сөз естімеуі керек. Бұл жағдайға біреулер себепкер болды деп ойлаймын. Әлиді халық жауындай көрді. Сол оқиғадан кейін ол бір апта бойы нәр татпады, басын көтермеді. Көз алдымызда солып, өртеніп бара жатқандай болды. Анамыз үйіне шақырып, көңілімізді аулады. Ол ештеңе болмағандай, шай дайындап, Зейінді бақты. 50 жыл сахнада жүріп, естімеген сөзі қалмаған. Ол ешкімнің сөзін көңіліне алмайды. Әлиге де соны айтты», – деді Акерке Бүркітбай.

2023 жылдың қазан айында Әли Оқапов «Құрмет» орденімен марапатталған болатын. Алайда бұл шешім әлеуметтік желіде үлкен дау тудырды. Көпшілік әншінің мұндай жоғары марапатқа лайық еместігін айтып, сынға алды.

Роза Рымбаева да осы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, ұлының еңбегі еленгенін және «Құрмет» ордені оған әділ берілгенін алға тартқан еді.

Акерке Бүркітбай Марапат Роза Рымбаева сын шоу-бизнес Құрмет ордені әлеуметтік желі Әли Оқапов

Оқылып жатыр

«Табысының 10 пайызын аударады»: Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектеспек

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

«Келісім, гармония»: Жанар Айжанованың қызы екінші ұлына ерекше есім берді

«Дархан өте табысты, мәрт, өнерлі жігіт»: Бадықованың құрбан болған экс-күйеуі жайлы әріптесі шындықты айтты

«Оның және менің балаларымызбен бірге тұрамыз»: Ақан Сатаевтың екінші әйелі көпшіліктен сүйінші сұрады

«Бауырыма басқан «бөлегім»: Тамара Асар өгей ұлына жоқтау арнап, жұртты жылатты

Соңғы жазбалар

Қазақы тәрбиедегі әкенің отбасы мен бала өміріндегі орны

15 Қазан, 2025

«Тағдырды өзгертемін» деп елді алдап жүр: Айдос Сарым жалған коуч, рухани алаяқтармен күресуді ұсынды (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Астанадағы сарапшылар поляризациядан серіктестікке көшу және халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру мәселелерін талқылап жатыр

15 Қазан, 2025

Индер ауданында ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өтті

15 Қазан, 2025

Былтыр Ұлттық банк төрағасының командасы қымбатшылық пен шығындарға қарамастан 1,7 миллиард теңге сыйақы алған

15 Қазан, 2025

«Әкем ауқатты адам емес»: Қарағандыда 17 жылқыны атып тастады делінген шаруаның қызы үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа үлгідегі мектептер қалай құрылып жатыр

15 Қазан, 2025

«Бауырлар арасындағы мүлікке талас»: Ақтөбеде бір үйдің 5 баласы анасына араша сұрап, үндеу жасады (ВИДЕО)

15 Қазан, 2025

Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

15 Қазан, 2025

«Сандырақ»: Депутаттар жолақысын 500 теңгеге көтеру ұсынысына қатысты пікір білдірді

15 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.